Атырау, 24 сәуір 06:55
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Браконьер балық инспекторы болып шықты

3 542 просмотра

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі Махамбет аудандық балық инспекциясының қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғау туралы баспасөз хабарламасын таратты.

Үстіміздегі жылдың 7 қазанында облыстық табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері ІІД-мен және Жайық-Каспий балық шаруашылығы инспекциясымен бірге Исатай ауданына рейд жүргізу кезінде жүргізуші мен Махамбет аудандық балық шаруашылығы инспекциясының қызметкері отырған автокөлікті тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде жалпы салмағы 50 келі болатын бекіре тұқымдас балық салынған 3 қапшық табылып, алынды.

Балық инспекторына қатысты ҚР ҚК-нің 290-бабы Сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiмен заңсыз іс-әрекеттер») және 308-бабы Билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi асыра пайдалану») бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарланады баспасөз хабарламасында. Тергеу жүргізілуде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

27 қазан 2014, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.