Атырау, 25 сәуір 02:25
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Ақтау маңындағы беймәлім ұшақтардың сыры белгілі болды

1 480 просмотра

Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік табыстар департаменті Ақтау маңындағы бөлшектенген құпия ұшақтардың қайдан пайда болғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Lada.kz. Ведомство өкілі Мақсат Ақмұратовтың айтуынша, олар - Ташкент механика зауытынан Баутино порты арқылы Таганрогтағы авиациялық ғылыми-техникалық кешенге тасымалданатын Ил-76 ұшағының бөлшектері.

Еске сала кетейік, бұған дейін ақпарат құралдарында ұшақтың құйрығын, қанаттарын, корпусы мен шассиін тиеп алған үлкен жүк көліктерінің фотосуреті жарияланған болатын. Көліктер Ақтау - Бейнеу автожолынан өткен. "Ұшақтар біздің жетегіміздегі 14 машинамен тасымалданып жатыр. Жүк Баутино портына жеткізіледі, ол жерден Ресейге бағытталатын болады", - деді Ақмұратов.

Интернет қолданушылары жүк көліктеріне тиелген бөлшектенген ұшақтар фильм түсіруге қолданылады деп топшылаған болатын. Кейбіреулер бұл бөлшектер планшет өндіретін атышулы зауытта көлік құрастыруға пайдаланылады деп әзілдеді. Ақтау маңында бөлшектенген ұшақтардың байқалғанына көп болған жоқ. Ақтау әуежайы, Азаматтық авиация комитеті, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК немесе Шекара қызметі мамандары да мұның не екенін түсіндіріп бере алмады.

Дереккөз: tengrinews.kz

24 қазан 2014, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.