Атырау, 24 сәуір 11:52
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Еуроодақ елдері атмосферадағы СО2 шығарындысын күрт төмендету жөнінде уағдаласты

1 427 просмотра

Еуроодақ елдерінің көшбасшылары 1990 жылғы деңгеймен салыстырғанда, 2030 жылы атмосферадағы парник газ шығарындыларын 40 пайызға төмендету жөнінде уағдаласты.

Сондай-ақ, 2030 жылы жаңартылатын энергия үлесін жалпы энергетикалық теңгерімде 27 пайызға жеткізу жөнінде шешім қабылдады.

Бұл Брюссельде өткен қызу да шиеленіске толы айтыс-тартыстан кейін қол жеткізілген орындалуы міндетті шешім болды. Онда кейбір қатысушылар өз елдерінің экономикалық мүдделерін назарға алуды талап етіп, қарсылық білдірген.

Брюссельдегі тілшілер хабарлағандай, бұл келісім ЕО-ны энергетикадағы экологиялық таза технологияны дамытуда озық ұстанымға қайта шығаруы мүмкін.

Дереккөз: ҚазАқпарат

24 қазан 2014, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.