Атырау, 29 наурыз 20:16
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

АҚШ жалауында тағы бір жұлдыз пайда болуы мүмкін

2 510 просмотра

Флорида штатына қарасты Майами қаласының депутаттары АҚШ-та 51-ші штат құру туралы ұсыныс айтылған қарарын жариялады. Заң шығарушылар Флорида штатын екіге бөліп, жаңа Оңтүстік Флорида штатын құруды ұсынып отыр.

 Майамидің депутаттары Флориданы екі бөлікке бөліп, Оңтүстік Флорида атты жаңа штат құруды ұсынып отыр. Оның құрамына 24 округ кіретін болады. Сәйкес қарарды Саут-Майами арнайы комиссиясының мүшелері дауысқа салу арқылы қабылдап, құжаттың көшірмесін келісім алуға жолдап қойыпты, деп хабарлайды CNN телеарнасы.

Заң шығарушылардың пікірінше, бұл шара Флориданың оңтүстік бөлігін табиғи апаттардан қорғау үшін қолға алынып отыр. Комиссия өкілдерінің айтуынша, аймаққа су астында қалу қаупі төніп тұр. Солтүстік Флорида теңіз деңгейінен 37 метр биіктікте тұрса, Оңтүстік бөлігі ең қауіпті деңгейде, 5 метр және одан төмен биіктікте орналасқан.

Саут-Майами комиссиясының қарарында айтылғандай, алдағы жүзжылдықта су деңгейі 3 метрден 6-ға дейін көтеріледі деген болжам бар. Алайда су басқалы тұрған төңіректегі тұрғындардың жанайқайы штат астанасы Таллахаси басшылығының құлағына жетер емес.

Флориданың оңтүстік аумағын жеке штат деп жариялау, депутаттардың пікірінше, өңірдегі түйткілді мәселелерді еңсеріп, «аман қалуына» мүмкіндік берер еді.

Заң қабылданған жағдайда, Американың жаңа штаты 23 мың шаршы шақырымды, яғни Флорида аумағының 40%-ын қамтымақ. Оның құрамына Санкт Петербург, Тампа және Орландо сынды қалалар кіруі мүмкін. Халық саны 13,4 млн адамды құрайтын болады.

Дереккөз: bnews.kz

24 қазан 2014, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.