Атырау, 19 сәуір 23:44
 ашықВ Атырау +27
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

АМӨЗ 1976 жылғы рекордты жаңартпақ (толықтырылды)

2 205 просмотра

23 қазанда Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бастамасы бойынша АМӨЗ-де еңбек заңнамасының сақталуы мәселелері бойынша баспасөз туры ұйымдастырылды.

«АМӨЗ» ЖШС бас директоры Қайрат ОРАЗБАЕВхабарлағандай, биылғы жылы зауыт 4,9 млн тонна мұнай өңдеуді жоспарлап отыр. Мұндай көлемге 1976 жылдан бастап алғаш рет қол жеткізілгелі отырғанын Оразбаев атап өтті. Зауыт ұжымы 2,5 мың адамды құрайды, орташа жалақы – 350 мың теңге, зауыт қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері, өндіріс пен зейнеткерлердің ардагерлері әлеуметтік пакетпен қамтылған.

Хош иісті көмірсутек өндіру кешені (ХӨК) бойынша бізге жұмысқа 260 адамды алу керек болды. Оның 60 пайызын сырттан алдық, 40 пайызы оңтайландырудан кейін қазіргі ұжымнан жинақталды. Бізге жарылысқа қауіпті өндірісте артық қызметкерлер керек емес. Мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысын аяқтауға тағы 500-дей адам жинаймыз. Жоғарғы оқу орындары мен колледждердің үздік бітірген түлектерін сөзсіз аламыз, - деп хабарлады Қ.Оразбаев.

«АМӨЗ» ЖШС басқарушы директорының орынбасары Дмитрий МАКЕЕВТІҢайтуынша, екі ХӨК кешенінің біріншісі – бензол өндіруші желі – ағымдағы жылдың желтоқсанында іске қосылатын болады. Алайда бастапқыда бұл 2013 жылдың аяғына жоспарланған болатын. Қазір жабдықты іске қосу-реттеу процесі басталуда.

Параксилол өндіретін екінші желіні 2015 жылдың мамырында пайдалануға беру жоспарланды. Естеріңізге салсақ, ХӨК толықтай іске қосылғанда жыл сайын химия өнеркәсібіндегі шикізат ретінде 133 мың тонна бензол мен 496 мың тонна параксилол өндіруге есептелген. Бұдан басқа, бензол алу желісін іске қосу зауытқа қазіргі өндіріліп жатқан АИ-92-ден бастап АИ-98-ге дейін және одан жоғарғысының октандық мөлшерін жақсартуға мүмкіндік береді. Белгілі болғандай, параксилол өндірісінің желілерін пайдалануға беруге асықпау және бүкіл күшті мұнайды терең өңдеу кешенінің (МТӨК) құрылысын тезірек аяқтауға жұмылдыру жөнінде үкіметтің нұсқауы бар екен. Елдегі бензиннің тапшы болуы осыған байланысты.

МТӨК-ті 2016 жылдың мамырында пайдалануға беру жоспарланған еді, енді шамасы, бұл мерзімді жақындататын шығар. Қазір кешен құрылысы іргетасты тұрғызу кезеңінде тұр. МТӨК-ті іске қосу нәтижесінде - мазут шығару 10 есеге азайып, бензин шығаруды көбейту үш есеге көбейеді (қазіргі жылына 550 мың тоннадан 1,7 млн тоннаға дейін).

Облыстың бас мемлекеттік еңбек инспекторы Руслан СӘРСЕНҒАЛИЕВ АМӨЗ-ді жаңарту жобаларында жұмыс істеп жатқан қосалқы мердігер мекемелердің қызметкерлері еңбекақыларының кешіктіріліп берілетіндігіне жиі шағымданатындығын айтты. Зауыт басшылары мердігерлердің қызметіне араласуға құқығымыз жоқ дегендей түр танытты.

«АЖ» сайтына жарияланғаннан кейін редакцияға «АМӨЗ» ЖШС бас директоры Қ.Оразбаев қоңырау шалды:

- Зауытты жаңарту жұмыстары бойынша құрылысшылардың жалақылары кешіктірілетіні туралы әңгіме қозғалған баспасөз турының қорытынды бөліміне қатысқан жоқпын. Газет оқырмандарына бірінші басшы ретінде төлемдерге қатысты ахуалға мұқият бақылау жасайтынымды және мердігерлерден осы істе тәртіп сақтауды қатаң талап ететінімді жеткізсеңіздер екен.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

24 қазан 2014, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.