Атырау, 23 сәуір 19:11
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Атырау-Доссор тас жолымен жүретін жүргізушілердің назарына!

2 778 просмотра

«Саренс» компаниясы ірі габаритті алып жүкті (ені 10,5 метр, биіктігі 10,5 метр, салмағы 300 тонна) Теңіз кенішіне тасымалдауды жалғастыруда.

19 қазанда жүк өзен айлағынан қала көшелері арқылы Қарабатан маңындағы автотұраққа апарылды. 24 қазанда таңғы сағат 7-де оны Доссор поселкесіне дейін тасымалдау басталады. Осыған байланысты Атырау – Доссор тас жолының бойындағы қозғалыс көп шектеу қойылады.

Қозғалыстың қарсы жолағындағы көліктер жүк тасымалын жол жиегінде күтуі тиіс. Доссор жаққа қарай жүретін көліктер жүк тиеген платформаның ізімен қозғалатын болады.

Платформаның қозғалыс жылдамдығы сағатына 10-15 шақырымды құрайды. «Саренс» компаниясы Доссорға бір күннің ішінде ірі габаритті жүкті тасымалдауды аяқтауды жоспарлауда. Егер бұл жоспарға ауа-райы кедергі келтіретін болса, жүкті Оңай ата бейітіне дейін (Атыраудан 60 шақырым маңда) жеткізбек. Одан кейінгі күндері алыпты тасымалдау жалғасатын болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

24 қазан 2014, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.