Атырау, 16 сәуір 15:32
 ашықВ Атырау +16
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Дубай соты адам өлтірген қазақстандыққа рақымшылық жасаудан бас тартты

1 875 просмотра

Дубай соты 1998 жылдан бері адам өлтіргені үшін жазасын өтеп жүрген Қазақстан мен Өзбекстан елдерінің азаматшаларына рақымшылық жасау және оларды мерзімінен бұрын босатудан екінші рет бас тартты, деп хабарлайды BNews.kz.

Дубайда бірінші инстанция соты тұтқындардың мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін олар жасаған қылмыстың ауырлығына байланысты қабылдамай тастады.

Естеріңізге салып өтсек, БАӘ-да жезөкше болып жұмыс істеген Қазақстан мен Өзбекстан азаматшалары сутенерді өлтіргені үшін сотталған болатын. Қылмыскерлер жәбірленушінің денесіне бензол құйып, өртеп жіберген. Жантүршігерлік қылмыс жасап, өмір бойына бас бостандығынан айырылған екі азамат Дубай орталық түрмесінде жазасын өтеп жатыр. Сондай-ақ аталмыш іс бойынша олардың сыбайласы, иорданиялық азамат та сотталды.

2000 жылдың сәуірінде кассациялық сот үшеуі де өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілгенін растады.

Алайда әйелдер Дубайдың бірінші инстанция сотына рақымшылық жасау және мерзімінен бұрын босату туралы екінші рет апелляция (бір жыл ішінде) берген.

2013 жылдың шілдесінде рақымшылық жасау туралы берген олардың алғашқы қолдаухатын сот қабылдамаған еді. Заңға сәйкес, өтініш берушілер екінші рет апелляция беру үшін бір жыл күтулері тиіс болатын.

Дубайда өмір бойғы жазаға кесілген тұтқын 15 жыл жазасын өтегеннен кейін түрмеден шығару туралы өтінішпен арнайы петиция беруге құқылы.

Сот құжаттарына сәйкес, қылмыс жасаған «үштік» жатын бөлмеде ұйықтап жатқан сутенерге бірнеше жерден пышақ сұққан. Мұнымен қоймай, жәбірленушінің әлі де тыныс алып жатқанын көрген ер адам оны жастықпен тұншықтырады. Кейіннен әйелдің денесін көрпеге орап, мәйітті үлкен полиэтиленді пакетке салған. Содан кейін таксиге отырған қандықол қылмыскерлер мәйітті Аджмандағы виллаға әкеліп, жанармай құю бекетінде сатып алған бензолмен мәйітті өртеп жіберген. Сонымен бірге сотталушылар құрбан болған адамның ақшасы мен жеке заттарын да қолды еткен.

Дереккөз: bnews.kz

23 қазан 2014, 17:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.