Атырау, 23 сәуір 21:52
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

ЕХРО-2017 көрмесіне арналған жобалар форумы

1 924 просмотра

Бүгін, 23 қазанда Астанада Халықаралық «Болашақ энергиясы: СО2 шығарындыларын азайту» форумы жұмысын бастады. Соның барысында ЕХРО-2017 көрмесінің тақырыптары мен оның бөлімдері бойынша зерттеу жобаларын әзірлеу жобаланып отыр.

Атап айтқанда, климаттың өзгеруі, экологиялық және энергетикалық қауіпсіздік, шығарындыларды азайту және сіңіру, қалдықтарды кәдеге жарату жобаларына инвестициялар құю мәселелері талқыланатын болады.

Форумға энергетикалық саланың 500-ден астам жетекші сарапшылары, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшылары, мемлекеттік сектордың өкілдері қатысады.

Скиперлер арасында – халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте ЛОССЕРТАЛЕС, ҚР энергетика министрі Владимир ШКОЛЬНИК, «Астана ЕХРО-2017» ҰК АҚ басқармасының төрағасы Талғат ЕРМЕГИЯЕВ және т.б. бар.

Естеріңізге салсақ, 2012 жылдың 22 қарашасында халықаралық көрме бюросының мүшелері – 161 мемлекет өкілдерінің құпия дауыс беруі барысында Астананы EXPO-2017 көрмесін өткізетін орын деп таңдады. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. Астанадағы дүниежүзілік көрме үш айға созылады. Оған әлемдегі 100 шақты ел мен 10 шақты халықаралық ұйымдар қатыса алады. Көрмені 2 млн-нан астам адам көре алады деп күтілуде.ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақ энергиясы» тақырыбы әлемдегі үздік энергия үнемдеуші технологияларды, күн, жел, теңіз, мұхит және жылы сулардың қуаты секілді қолданыстағы баламалы энергия көздерін пайдаланудың жаңа зерттемелері мен технологияларын тартуға мүмкіндік береді деп жобаланып отыр.

EXPO-2017 көрмесінің мастер-жоспарының тұсаукесері барысында «Астана EXPO-2017» ҰК сәулет және құрылыс департаментінің бас менеджері Айдар МАРАТ expo-кешен Астананың бас жоспарының шеңберінде бөлінген қала сыртындағы 175 гектар учаскеде орналасатынын айтты. EXPO-қалашық «Назарбаев университеті» мен медициналық кластерге жақын жерде болады. 150 га іргелес аумақты көрменің қосымша нысандары мен көлік инфрақұрылымын, соның ішінде қоғамдық көлік пен көліктер тұрақтайтын жерлер орналастыру үшін пайдаланады. Көрме кешенінің 42 пайыздан астам аумағы павильонға бөлінеді. Қалған аумаққа келушілерге және концерттер мен фестивальдер үшін орындарға бейімделген ашық және жартылай жабық алаңдарды орналастырады. Құрылыс жұмыстарына мердігер 8 мекеме жұмылдырылған. Құрылысты 2016 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарлануда.

Халықаралық EXPO-2017 көрмесіне қатысушылардың алғашқы жиналысы барысында «Астана ЭКСПО-20174» ҰК коммерцияландыру және инвестиция департаментінің директоры Ержан МЕЙРАМОВ көрмеге дайындық барысында және көрмені өткізу кезінде коммерциялық қызмет 283 млн еуродан астам жалпы табыс әкеледі деп мәлімдеді. Осы соманың 81 пайызын демеушілердің және билеттерді өткізуден түскен қаржылар құрайды. Көрмеге келушілер саны 5 млн-дай адамды құрайды деп болжанып отыр. Егер бұл болжам расталатын болса, онда билеттерді сатудан түскен табыс 82 млн-нан астам еуро құрайды, деп есептейді оны ұйымдастырушылар.

Бұрынырақ«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің басшысы Қуаныш БИШИМБАЕВ президентке ЕХРО-ға Ұлттық қордан 80 миллиард теңге бөлінгенін хабарлады. Оның 40 миллиарды баспана құрылысына, қалған 40 миллиард сауда-ойын сауық орталықтарын салуға жұмсалады. Баспана салынатын болады, ал қайтарым оны сату есебінен жүргізіледі.

Қыркүйектің аяғында Атырауда өткен Өңіраралық ынтымақтастық форумы барысында президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ былай деп мәлімдеді:

Өз басым баламалы энергия мен тақтатас эйфориясына сенбеймін. Біз шикізатты елміз деп қорқудың қажеті жоқ, құдайға шүкір, бұл шикізат бізде бар. Осыны пайдаланып, жаңа индустрия құру керек.

«Болашақ энергиясы» тақырыбындағы EXPO-ға әзірлік жүріп жатқанда осы тосын мәлімдемені әрқалай қабылдауға болады. Бәлкім, бұл РФ-ға қатысты батыс санкциялары мен еуропалықтар мен Украинаның Ресей жеткізіліміне тәуелділігін азайту үшін АҚШ пен басқа елдерде тақтасты газ бен мұнайды өндіруді күрт арттыруға байланысты жай ғана жанында отырған Владимир ПУТИНГЕ көрсеткен моралдық қолдауы болуы да мүмкін. Ал ғалымдар мен ілгері басқан жастар үшін Назарбаевтың мәлімдемесі бұлжымас қағида болып қалады. Іздеңдер, жастар, іздеңдер, көмектесеміз, ал әзірге еліміз жер астындағы байлықтарға арқа сүйеп, өмір сүретін болады.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА, арнайы тілші, Астана

Суретті түсірген автор

23 қазан 2014, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.