Атырау, 20 сәуір 12:59
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Бурабай курорты стансасының бастығы қызметінен босатылды - ҚТЖ

1 494 просмотра

ktk.kz сайтынан алынған скриншот.ktk.kz сайтынан алынған скриншот.АСТАНА. ҚазАқпарат - Бурабай курорты стансасының бастығы Бөкенбай Жадырасыновпен жасалған еңбек шарты оның лауазымдық міндеттерін себепсіз орындамағаны, «Іскерлік этика кодексі» талаптарын бұзғаны, еңбек ұжымының және жұмыс берушінің сенімін жоғалтқаны үшін бұзылды.

Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен хабарлайды.

«Станса бастығы Б.Жадырасыновтың үстінен компанияға түскен арыз-шағымдар бойынша арнайы комиссия құрылып, қызметтік тексеріс жүргізілді. Қызметтік тексеріс барысында оның еңбек тәртібі мен этикалық талаптарды бұзып, еңбек ұжымының сенімін жоғалтқаны анықталды», делінген хабарламада.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ  компаниясы өз атына кір келтіретін мұндай еңбеккерлердің  жауапсыз әрекеттерін айыптап, барлық деңгейдегі басшылардың қызметтік этиканы сақтауына бақылауды күшейтеді, деп хабарлайды компаниядан.

Естеріңізге сала кетейік, Бурабай теміржолшылары сәл уақыт бұрын КТК телеарнасының журналистеріне өз басшыларына қатысты шағымдарын жеткізген болатын. Олардың айтуынша, басшы өзіне бағынышты қызметкерлерді саяжайында жұмыс істеуге  мәжбүр еткен. Сондай-ақ ол достарымен саунаға барғанда станса қызметкерлерін шақыртып алып, жұмсаған.

Дереккөз: inform.kz

23 қазан 2014, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.