Атырау, 20 сәуір 13:10
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Жасыл Ел» сарбаздары жалақы күтіп отыр

2 743 просмотра

Редакциямызға «Атырау Зеленстрой ЛТД» ЖШС-нің көгалдандыру жұмыстарына тартылған «Жасыл Ел» отрядының сарбаздары хабарласты. Жұмыс орындалды, алайда, уәде етілген ақшаны жастар әлі алмапты.

-Жазда мен басқа да жігіттер мен қыздар сияқты шамалы ақша табайын деген оймен «Жасыл Ел» отрядына жазылдым. 30-40 мың теңге жалақы береміз деп сөз берді. Алайда біз Зеленстройдан 19 мың ғана алдық. «Жасыл Ел» арқылы түсуі керек екінші жартысы әлі төленген жоқ. Отрядтың ұйымдастыру бөлімінде құр уәдемен шығарып салып, бәрін анықтап, телефон соғамыз дейді. Қараша да болып қалды, ал ақша жоқ, - дейді студенттердің бірі.

Студенттерге жалақы төлеу мәселесіне Атырау облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Мейірім ҚАЛАУИ түсінік берді:

- «Жасыл Ел» отрядының сарбаздарына жалақы екі жерден келіп түседі. Олар салықтары ұсталғаннан кейін 24 мыңдай теңгені жергілікті бюджеттен, 18 мыңдайын республикалық бюджеттен алады. Жергілікті бюджеттен аударылатын жалақыларының бір бөлігін жасаған жұмыс күндеріне қарай өз уақытында алды. Республикалық бюджеттен түсетін төлем, расында да, кешіктіріліп жатыр. Жақын арада, осы аптаның ішінде ақша отряд сарбаздарының шотына түсуі керек.

Естеріңізге салсақ, биыл көгалдандыру жұмыстарына «Атырау Зеленстрой ЛТД» ЖШС 350-ге жуық студентті тартқан. Махамбет, Индер және Құрманғазы аудандарының орман шаруашылықтарында 150 жас жұмыс жасады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

23 қазан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.