Атырау, 29 наурыз 14:40
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Мемлекеттік органдар жолда қалады»

1 377 просмотра

Кәсіпкерлердің өңірлік палатасының қоғамдық кеңесі отырысында мемлекеттік органдар мен монополистердің кәсіпкерлермен қарым-қатынасы талқыланды.

Кәсіпкерлердің өңірлік палатасының директоры Асылбек ЖӘКИЕВТІҢ (суретте) айтуынша, палатаға бизнесмендерден түскен шағымдар көбейіп кеткен.

- Әсіресе, қалалық сәулет және жер қатынастары бөлімдерінің жұмысына реніштер көп. Бизнестің дамуына кедергілер туындап, өтініштерді қарау кезінде заңнамалар бұзылып отыр. Құжаттар жылдап қаралған, осы органдарда құжаттар жоғалған жағдайлар кездесті.

Тағы бір өзекті проблема: кәсіпкерлер «Атырау Энергосату» ЖШС жеткізетін электр энергиясын алдын ала 100 пайыз төлеу талабын заңсыз деп есептейді. Өйткені, ҚР Азаматтық кодексінің 488-бабының 1-тармағына сәйкес,«энергияға ақы төлеу есепке алу аспаптарының көрсеткіштерiне сәйкес анықталатын, абонент iс жүзiнде алған энергия мөлшерi үшiн есептеу арқылы жүргізіледі». Осыған байланысты өңірлік палата облыстық прокуратураға шағымданды. Бүкіл фактілерді тексеріп, прокуратура кәсіпкерлердікі дұрыс деп таныды. Атырау облыстық монополияға қарсы инспекция басшысының тарапына ұйғарым шығарылды.

- Біз монополистің талабын заңсыз деп есептейміз. Басқа облыстарда өңірлік палаталар осы заңсыз талаптың жойылуына қол жеткізген. Біз де осыған қол жеткіземіз, - дейді А.Жәкиев сеніммен.

Монополистерден, А.Жәкиевтің айтуынша, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-на шағымдар көп екен. Газшілермен салыстырғанда, ол айтқандай, «мемлекеттік органдар жолда қалады» екен.

- 2000 жылдардың басында мен «Атырау Жарықпен» күресуге тырысқан едім. Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағының жиналысында энергетикаға байланысты мәселені көтердім. Сол күні менің жарығымды ажыратып тастады. Сол кезде мен монополистермен тіресуге сөз бердім. Бірақ газшілер қазір «Атырау Жарықтан» да асып түсті. Сәуір айында егер біз кәсіби қызмет көрсету мен тасымалдауға ақы төлейтін болсақ, олар жазда газ жүйесін айырмайтындығын, пломба салмайтындығын мәлім етті. Сонда қазан айында газ беру іске қосылғанда құжаттарды ұсынудың қажеті болмайды екен. Қазан айы басталғасын олар бәрібір газды жауып тастап, пломба орнатып қойған боп шықты. Енді газды беру үшін ақы төлеп, құжаттар тапсыруды талап етіп отыр. Менің тасымалдау үшін төлем жасағаным оларды селт еткізген жоқ. Кәсіби қызмет көрсететіні үшін де ақы төлеп отырмын, бірақ ондай қызмет көрсетіліп отырған жоқ. Аспаптарыма сүмелектер тұрып қалған, - деп әңгімеледі кәсіпкер Бақыт ЫСҚАҚОВА («Голландия гүлдері»).

- Олардың келісімшарттарында бәрі жазылған, бүкіл шығындарын олар біздің есебімізден жабады. Бұл келісімшартқа қол қоймай көр. Олар мұның бәрін бүкіл үкімет арқылы алып өтеді. Бізге өз тарапымыздан үкіметке мәселенің мәнісін жеткізетіндей әрекет ету керек, - деп өз ойын білдірді тұтынушылар құқығын қорғау кеңесінің мүшесі, «Медицина» АҚ директоры Забира ДӘУЛЕТЖАНОВА. Айтпақшы, келесі күні кәсіпкерлер қордаланған мәселелерді тікелей газшілермен талқылауға тиіс болатын, алайда олар, неліктен екені белгісіз, кездесуге келмей қалды.

Отырыс соңында бірнеше ұсыныстар айтылды. Соның ішінде, қалалық сәулет және жер қатынастары бөліміне электронды кезек жүйесі мен өтінімдерді қарау мерзімін қысқартуға мүмкіндік беретін арнайы бағдарламаны енгізу ұсыныстары бар.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

23 қазан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.