Атырау, 29 наурыз 12:13
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Аудан жаңалықтары

1 430 просмотра

Ардагерлерге арналған баспаналар

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Мақат ауданы әкімдігі екі ҰОС ардагеріне жаңа үйдің кілтін тапсырды.

Мұхтар ЕРҒАЗИЕВ пен Есбол ОҢАЙБАЕВ Мақатта жайлы баспанаға ие болды.

***

 

Құрылыстар қарқынды

2014 жылы Жылыой ауданында 30 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үйлер салынған.

Құрылыс жұмысы өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға артқан.

***

 

Жасыл шеңбер 

Махамбет округінің әкімі Жақсылық МҮСЕПОВТЫҢ айутынша, жасыл белдеу құру мақсатында жақында 650 тал отырғызылған.

Жұмыстың алғашқы кезеңі осы көктемде басталды, онда 1 200 түп қара ағаш егілген болатын. Қаржыларды  демеушілер бөлген.

***

 

Кім аяқтайды?

КТК компаниясы Махамбет ауылына демеушілік көмек көрсетіп, жазғы су құбырын жүргізуге 25 млн теңге бөлді. 

Бұл қаржы жұмыстың 60 пайызын атқаруға ғана жетті. Келесі демеушінің кім болатыны және су құбырын жүргізу жұмысының қалған бөлігін кім аяқтайтыны әзірге белгісіз. 

***

 

Нұртас жеңді

«Жұлдыздарға қара» жобасының бірінші кезеңінде Қызылқоға ауданы Миялы селосының тұрғыны Нұртас ЕСЕНБАЕВ жеңімпаз атанды.

Жобаны «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры «Құс жолы» қайырымдылық қорымен бірге ұйымдастырған болатын. Нұртас - мүмкіндігі шектеулі жан, ол ауылда өз ісін ашып, аяқ киім жөндеумен айналысуда.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

23 қазан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.