Атырау, 23 сәуір 17:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Түбіртек неге бермейді?

1 973 просмотра

– Офтальмологиялық ауруханада анағұрлым қымбат операцияны жасауға мәжбүрледі, бірақ түбіртегін берген жоқ. Катарактаны тігісті сылу және катарактаны лазермен сылып тастау қанша тұратынын білгім келеді және неліктен түбіртек бермейді?

Телефон арқылы

Сұраққа «Атырау облыстық офтальмологиялық ауруханасы» КМК-ның бас дәрігері Мұрат ҚҰСАЙЫНОВ жауап берді:

– Мұндай болуы мүмкін емес: бүкіл қызметтің бағалар тізімі аурухана дәлізінде ілініп тұр. Тігіссіз ультрадыбыстық операция пациент таңдайтын көз жанарының түріне қарай 53 мың және 72 мың теңге тұрады. «Тігісті» деп аталатын операциялар жоқ. Экстракапсулярлық экстракция катаракты (тілік жасайтын) деген бар.

Алайда операцияның осы түрінің құнын атаудан дәрігер Құсайынов бас тартты:

– Маған келсін, арыз жазсын, операцияны қай дәрігер жасағанын нақтыласын, біз оның түбіртекті не үшін бермегенін анықтайтын боламыз. Егер бұл рас болса, мен мұны білуге тиіспін.

23 қазан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.