Атырау, 25 сәуір 01:01
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Перетаска тұрғындарына үлкен бір үйді ұсынды

2 138 просмотра

20 қазанда «АМӨЗ» ЖШС-де 2015-2017 жылдарда зауыттың табиғат қорғау шараларының жоспары бойынша жұртшылық тыңдауы өтті.

Баяндамамен АМӨЗ-дің экологиялық қызмет бастығы Өтесін   УАНДЫҚОВ шықты:

– Биыл 4,9 млн тонна мұнайды өңдеу жоспары бойынша отын газын құрамындағы күкірт қосылыстарынан тазартып, технологиялық пештер мен қазандық агрегаттарын мазуттан газға толықтай ауыстыру есебімен атмосфераға тасталатын ластаушы заттар шығарындысы 7 мың тоннаға азаяды; зауыттағы кәріздік тазарту құрылғыларындағы ағын суларды тазарту есебімен ағын сулар шығарындысы 6,5 мың тоннаға қысқарады; тазартылған өнеркәсіптік ағын суларды қайталама пайдалану арқылы  су тұтыну мен су бұру 4,6 млн текше метрге қысқартылады деп күтілуде. Қазіргі уақытта зауыт төңірегінде санитарлық-қорғаныс аймағын көгалдандыру алаңы 16,5 гектарды құрайды. КПА жобасы тағы 191 гектар жерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын қарастыруда. Тағы 65,3 гектарды көгалдандыру мұнайды терең өңдеу кешенін (МТӨК) салу жобасында қарастырылған, деп күтілуде.

Залда үйлері зауыт төңірегіндегі санитарлық-қорғаныс аймағын кеңейту шеңберінде күрелуі тиіс Перетасканың біршама тұрғындары отыр еді.  Қазір сотта болашақ қоныс аударушылардың жылжымайтын мүлігін бағалау актісін қайта қарау туралы алты талап-арыз қаралып жатқаны анықталды.

«АМӨЗ» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Рүстем БИСАЛИЕВбылай деп ұсыныс білдірді: егер тұрғындар бәрі бірге көшкісі келсе, онда зауыт олар үшін қалалық әкімдік бөлетін аумаққа көппәтерлі үй салуға әзір екен.Үкіметтік емес «Заман» ұйымының жетекшісі Әсел НҰРҒАЗИЕВА Перетаска тұрғындарын көшіру жөніндегі ведомоствоаралық комиссияның құрамына «Демос», «Каспий табиғаты» ҮЕҰ және «Заман» ҮЕО өкілдерін де енгізуге ұсыныс жасады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

22 қазан 2014, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.