Атырау, 20 сәуір 08:07
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Жауап берілген күн

1 940 просмотра

Қалалық сәулет бөлімі мен жер қатынастары бөлімі әдетте келушілер үшін қолжетімсіз Ашық есік күнін өткізді. Мұндай алғашқы акцияны ұйымдастыруға Кәсіпкерлердің өңірлік палатасы көмектескен.

Осы екі бөлімге ең көп айтылатын шағымдар  - өтінімдерді қарау мерзімінің сақталмауы; мәселелерді шешу кейде жаңа нысандардың ашылуын тежеп, жылға созылып кетеді. Кейде мамандар бір кездері берген өтініштерді таба алмай да қалып жатады.

Мәлік ӨСКЕНБАЕВТЫҢқұжаттары да солай болып шықты. Ол жер бөлімінен үш айдан бері құжаттарын ала алмай келеді.

Жеке кәсіпкер Нұргүл ХЕЙНИКИНА2012 жылы Авангард, 2-ықшам ауданнан кеңсе салуға жер телімін алған. Ол жерден білім беру нысанын ашпақ болыпты.

Алайда сол жылы одан мемлекет пайдасына балалар алаңын салу үшін жерін алып қойған, орнына басқа жер телімін беруге уәде беріпті. Алайда мәселе әлі шешілмеген.

- Биылғы жылдың мамыр айынан бастап бекіре тұқымдас балықтар мен қара балықтарды көбейту үшін тоған шаруашылығына жер телімін алуға рұқсат ала алмай келемін. Осы уақыт ішінде біз қажетті құжаттарды рәсімдеумен айналыстық, уақытымызды да, ақшамызды да шығындадық. Тек жаңа ғана бұл жердің басқа қожайынға тиесілі екенін белгілі болды, - деп әңгімелейді «КаспианЭкотур» ЖШС өкілі Бауыржан БИМУРЗИН. Айтпақшы, сәл кейінірек Кәсіпкерлердің өңірлік палатасының қоғамдық кеңесінде ол жергілікті «ЖерҒӨО» РМК филиалында осы телімнің қожайыны туралы мәліметтер жоқтығы туралы ақпаратпен бөлісті.

Махамбет ауданындағы ісін жаңадан бастаған кәсіпкер Нұрлыбек БИСЕМБАЕВ қолданбалы өнер бұйымдарын шығаратын цех ашқысы келеді. Соған байланысты ол жер телімін бөлуге өтініш берген. Алайда бірнеше айдан бері жауабын ала алмай келеді.

Мүмкіндікті пайдаланып, өз өтініштерінің тағдыры туралы білуге 2003-2007 жылдары жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер телімін алуға құжаттар тапсырған қала тұрғындары да келді. Жер комитетінің басшысы Қыдырқожа ДӘУЛЕТЬЯРОВТЫҢ айтуынша, телімдер 2012 жылдың тамызында мораторий басталғалы бері бөлінбей отыр екен. Жер телімдерін беру жаңа аудандарға инфрақұрылым жүргізілгеннен кейін қайта жанданбақшы. Курилкин мен Талғайраңда 2003-2005 жылдары өтініш бергендерге телімдер берілмек. Оның үстіне, құқық белгілейтін құжаттар мораторий енгізілгенше жер алып үлгергендердің кейбіріне берілмейді. Кездесуге қатысушылардың бірі, қала тұрғыны Нұрсая-3 ықшамауданында Мұз сарайының артында жер телімі бар екенін әңгімеледі, бірақ билік оған құрылыс салуға рұқсат бермей отырған көрінеді.

- Мәселе мынада, жобалау кезінде бұл аудан үш учаскеге бөлінді: бірі қоғамдық нысандарға, екеуі – тұрғын үй құрылысына. Алайда, телімдер әуежайдың бақылау нүктесінде орналасқандықтан, әуежай қазіргі уақытта олардың беру заңдылығына келіспеушілік білдіруде. Егер оның талап-арызы қанағаттандырылса, онда жерді қайта алуы мүмкін, - деп жауап берді қаланың бас сәулетшісі Данияр БОДАУБАЙ.

Мемлекеттік органдардың өкілдері кездесу барысында айтылған кәсіпкерлердің барлық сұрақтарына жауапты таяу уақыттарда ұсынуға уәде берді. Ал кәсіпкерлер палатасы, өз кезегінде, осы процесске бақылау жасауға уәде етті.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

22 қазан 2014, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.