Атырау, 19 сәуір 05:15
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

"Қазақтың үйін неге күрей береміз?". "Әлсіз тұсымыз — импорттық өнімге тәуелділік". "Князевтің көксегені не?..". "Абай шығармаларын қытайша сөйлеткен кім?". "Қайыршы адам, қайырымсыз қоғам".

1 956 просмотра

TURKYSTAN.KZ. «Қазақтың үйін неге күрей береміз?» - Қазір "сәнге" айналған рейдерствоның бір түрі ол - заңсыз жер деген желеумен баспанаңды қиратып, кең байтақ қазақстаннан әрең дегенде бұйырған 8 соттық жеріңді тартып алу. Жер мемлекеттікі дейді, сонда ол жерде отырған адамдар мемлекеттікі, мемлекеттің меншігі емес пе?!

«Қайыршы адам, қайырымсыз қоғам»- Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі небары 19966 теңге мөлшерінде.

«Әлсіз тұсымыз — импорттық өнімге тәуелділік» - Ел экономикасындағы елеулі жаңалықтардың бірі – жанармай тапшылығы жұртшылықты есеңгіретіп, есін жиғызбастан үсті-үстіне төпелеткені соншалық, қоғам қайырым күтпейтін күйге жеткен сияқты. Бұл төңіректе көкейді тескен сауал көп, бірақ жауаптардың тірелер тұсы біреу-ақ.

AZATTYQ.ORG. «Австрияда Әлиевке әлі айып тағылған жоқ» - Рахат Әлиев Австрияда абақтыда отыр. Әлі ресми айып тағылмады. Ол енді қамауға қатысты шағымданбақ. Статусы белгісіз саяси эмигрантқа қолданылған бұлтартпау шарасына қатысты шешімді Вена соты қарашаның 12-сі күні шығармақ.

«Келімбетов «девальвация қаупі жоғын» айтты» - ​Ұлттық банк төрағасы «әлемдегі кез-келген дағдарыс Қазақстан экономикасына әсер етпесін» мәлімдеді. Бірақ биыл ақпанда теңге девальвациясын бастан кешкен ел оның сөзіне илана қоймайды.

«Лейла Юнусқа Сахаров сыйлығының себі тие ме?» - Әзербайжандық белсенді Лейла Юнус үш айдан бері уақытша қамау абақтасында отыр. Жақтастары оған жалған айып тағылғанын айтады. Енді Юнусты елдегі ең танымал қамау абақтысына ауыстырмақ.

ABAI.KZ. «Князевтің көксегені не?..» - Орталық Азия мен осы аймаққа қатысты мәселе туындай қалса, отандық бұқаралық ақпарат құралдары саясаттанушы Александр Князевтің пікіріне жүгінеді. Әрине, саясаттанушы әрбір жағдайды шынайы бағалап, бейтарап пікір білдіріп отырса, «Князевтің көздегені не?» деген күмәнді сұрақ туындамаған болар еді. Бірақ, оның әрбір сөзінен ресейшіл империялық саясаттың ызғары есіп тұрады. Соңғы кездегі оның әрекеті тіпті шектен шықты. Халықаралық дүбірлі жиындарда Қазақстанның, қазақ халқының атынан сөйлей отырып, аймақтағы көрші елдердің ренішін тудыратын, түбінде халықаралық жанжалға апаратын құйтырқы саяси ойнақ салуды бастады.

SERKE.ORG. «Украин марафонының" Милан кезеңі немен аяқталды?» - 16-17 қазанда Миланда "Азия-Еуропа" саммиті шеңберінде болып өткен президенттердің басқосуында Украина дағдарысын реттеуге байланысты айтарлықтай алға басу болған жоқ. Егер газ мәселесіне орай оптимистер "стақан жартылай толық" десе, бүліншілік жасаған оңтүстік-шығыс облыстарға қатысты Путин әлі де Еуропадан бір қадам алда тұр, деп жазады шолушылар. Ол "халық республикаларының" бөлінуін талап етпесе де, "Мәскеу Украинада Кремльге тәуелді сателлиттер құру үшін қолайлы жағдай жасады".

BAQ.KZ. «Абай шығармаларын қытайша сөйлеткен кім?» -– Абай шағармаларын тұңғыш қытай тіліне аударған сібе ұлтының өкілі Қабай қазір Бейжіңде тұрады. Аудармашы жастайынан ақынның өлеңдерін жаттап өскен. Абай туындыларын тұңғыш рет ханзу тіліне тәржімалаған Хахуаң Жаң немесе Қабай ақсақалдың ұлты – сібе. 86-дан асқан қария бірнеше тілде еркін сөйлейді, тың, ойы жатық.

BNEWS.KZ. «Лев Толстой Исламды қалай қабылдады?» - Мәриям Әбсаттар «...Меніңше, бір ғана шынайы дін бар, бұл дін әлі ашылған жоқ. Бірақ оның біраз бөлігі мінәжат арқылы баяндалады». «...Тән үшін өмір сүрген өмірдің рахаты болмайды, тән үшін өмір сүру азап шектіреді. Рух үшін сүретін өмір ғана рахатқа жеткізеді» Лев Толстой

22 қазан 2014, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.