Атырау, 29 наурыз 19:06
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Нобель сыйлығының иегері Малала Юсуфзаиге Канаданың құрметті азаматы атағы берілмек

1 755 просмотра

Канада парламенті Нобел сыйлығының иегері, пакистандық құқық қорғаушы Малала Юсуфзаиге «Канаданың құрметті азаматы» атағын беруді бірауыздан қолдады, деп хабарлады «ТАСС» агенттігі.

 17 жастағы қызға мұндай құрмет оның әйелдер мен қыздардың құқығын қорғаудағы қайсарлығы үшін берілгелі отыр. Юсуфзаи бүгін Торонто қаласында өтетін әйелдер құқығын қорғауға арналған конференцияға қатысады.

Алдын ала белгілі болған жоспар бойынша, жиынға Канада Премьер-министрі Стивен Харпер барады.

«Канаданың құрметті азаматы» - символикалық сыйлық, оны алған адамға Канаданың азаматтығы берілмейді және ол шетелдіктерге арналған. М.Юсуфзаиге дейін мұндай құрмет Нельсон Мандела мен Далай Лама XIV көрсетілген.

Дереккөз: BAQ.KZ

22 қазан 2014, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.