Атырау, 29 наурыз 10:49
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Бала ұрлаушы бейнекамера көмегімен ұсталды

2 638 просмотра

19 қазанда кешкісін ІІБ-нің кезекші бөліміне Атырау қаласының 29 жастағы тұрғыны хабарласты. Ол «Сары арқа» ықшамауданындағы үй ауласының ойын алаңынан азиаттық келбеттегі белгісіз қыздың бес жасар ұлын ұрлап кеткенін мәлімдеді.

Шағымданушының айтуынша, белгісіз қыз оның баласын «Опель» машинасына отырғызып, белгісіз жаққа алып кеткен. Полицейлер сол мезет жедел іздестіру шараларын бастады, - дейді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА.

20 минуттан кейін жедел басқару орталығының қызметкерлері бақылау камераларынан Авангард, 2-ші ықшамауданнан күдікті көлікті байқаған. Сол жерге барған полиция қызметкерлері машина ішінен әйел мен іздестіріліп жатқан баланы тапқан. Ұрлаушы 22 жастағы Шымкент тұрғыны болып шықты. Бала ата-анасына қайтарылды. Қылмыс себебі анықталуда, қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде.

Тамара СУХОМЛИНОВА

21 қазан 2014, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.