Атырау, 28 наурыз 17:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Судағы өлім

2 569 просмотра

19 қазанда таңда Дамбы поселкесінің маңындағы Жайық өзенінде екі қайық түйісіп қалды. Бір адам қаза болды.

Моторлы қайық ағаш қайыққа соққан. Үш адам зардап шекті, оның бірі 1971 жылы туған ер адам ауруханаға жетпей көз жұмды. Екіншісі ауруханаға жатқызылды, тағы бір зардап шегуші тексеруден кейін үйіне оралды.

– Қалалық №1 полиция бөлімінде бұл факт бақытсыз жағдай ретінде тіркелген, қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде, - деді Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА.

Үшеуінің де тұрақты жұмысы болмаған. Сол күні қалың тұман түскен еді, шамасы, осы оқиға өзен беті нашар көрінгендіктен орын алса керек.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА 

21 қазан 2014, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.