Атырау, 20 сәуір 13:25
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Кадрларды қалай даярлау керек? Президент немістерді үлгі етейік деді

4 418 просмотра

ҚР премьер-министрінің орынбасары Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА мен білім және ғылым министрі Аслан СӘРІНЖІПОВ. ҚР премьер-министрінің орынбасары Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА мен білім және ғылым министрі Аслан СӘРІНЖІПОВ. 20 қазанда Атырауға ҚР премьер-министрінің орынбасары Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА мен білім және ғылым министрі Аслан СӘРІНЖІПОВ жұмыс сапарымен келді. Олар мемлекеттік органдар мен ірі мұнай-газ компанияларының басшыларымен кәсіптік-техникалық білім беруді жаңарту мәселелерін талқылады.

ЕҢ ТӘЖІРИБЕЛІГЕ ҰСЫНЫС

Дуальды оқыту жүйесін енгізу мәселелері жөніндегі жұмыс кеңесі мұнай-газ секторы үшін кадрлар дайындайтын APEC Petrotechnic өңіраралық кәсіби орталығында өтті. Мұнай-газ саласында еңбек нарығының ағымдағы қажеттілігі, кадрларды дайындау жүйесін дамыту ұсыныстары талқыға салынды.

«ҚМГ салынатын кәсіпорындар дирекциясы» ЖШС-нің бас директоры Нұрлан БАЛҒЫМБАЕВӨңіраралық АРЕС орталығының базасында мемлекеттік органдар  мен мұнай-газ компанияларының қатысуымен қамқоршылық кеңесін құруды ұсынды. Ұсыныс қабылданды. Кеңес соңында Әбдіқалықова Балғымбаевқа осы кеңеске «ең тәжірибелі мұнайшы» ретінде басшылық етуді ұсынды. Балғымбаев қарсылық білдірді:

Алдымен кеңесті жинап алайық, содан соң сол жерде сайланар.

Министр Сәрінжіпов шетелде көптен бері қолданылып келе жатқан дуальды оқыту жүйесі туралы жақсы дәлелдер келтірді. Атап айтқанда, оқу орнындағы теориялық оқу мен кәсіпорындағы өндірістік оқуды сабақтастыратын германиялық дуальды жүйенің артықшылықтарын айтты.

ҚР-да дуальды оқытуды енгізуге президент НАЗАРБАЕВТЫҢ 2012 жылдың ақпанында ФРГ-ге барған сапары аясында қазақстандық тараптың кәсіптік-техникалық кадрларды дайындау барысында неміс үлгісін қолданғысы келетін ниеті туралы мәлімдемесі негіз болды. Өткен жылдың сәуірінде «Қазақстанда дуальды оқытуды енгізу» деп аталатын пилотты жобаны жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды.

Бұл жүйе 2+2 үлгісі: екі жыл теория мен екі жыл кәсіпорындағы тәжірибе қолданылатын көптеген озық елдерде өзін жақсы жағынан көрсете білді. Германияда кадрларды дайындаудың 70 пайызын жеке сектор, ал мемлекет тек 30 пайызын ғана қаржыландырады. Бізде керісінше. Егер Германияда компания білім беруге инвестиция салмайтын болса, онда оларды салық түрінде төлейді, - деді Сәрінжіпов.

Министр де, мұнай-газ кәсіпорындарының өкілдері де заңнаманың олқылықтары мен ірі жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан білім беруді жеткілікті инвестициялау үшін механизмдердің кемшіліктерін атап өтті.

 

АҚША ИГЕРІЛУ КЕРЕК

«Келісімшарт агенттігі» филиалыныңдиректоры Жан НҰРБЕКОВэнергетика министрлігінің мәліметтеріне сүйене отырып, қызықты цифрларды атады.

Жылдан жылға мұнай саласына 15 мыңдай адам шетелден тартылады. Бұлардың бәрі топ-менеджерлер емес, араларында 2-ші, 3-ші, тіпті 4-ші санатты мамандар да бар. Алда үлкен жобалар бар, ТШО мен КПО компаниялары 30 мыңдай адамды жұмылдыруды жоспарлап отыр. Қазақстан үшін бұл аз емес.

– Мұнай-газ саласын білікті кадрлармен қалай қамтуға болады?

Бізде жер қойнауын пайдаланушыларда шығындардың 1 пайызын кадрларды даярлауға бөлу міндеттемесі бар. Екі проблема бар: тиімсіз игеру немесе осы қаржыларды толықтай емес игеру. 2011 жылдан бастап 5800-ден астам қазақстандықты (кейіннен көпшілігін 340 кәсіпорынға жұмысқа орналастыру шартымен) оқыту үшін 4,5 млрд теңге сомада қаржыландыру мақұланды. Бірақ бұл жерде де формалдық тұрғыда проблема туындайды. Осындай ақшаны игеру бойынша көшбасшылар - шымкенттік инновациялық және ақтөбелік политехникалық колледждер. Олар

«Саутс Ойл» мен CNPC AMG компанияларынан 508 және 425 млн теңге алды. Атырау мұнай және газ институты 101 млн теңгемен 11-орында тұр. Жыл сайын оқытуға 100 млн доллардай қаржы жұмсалады және бұл цифр өсуде. Жер қойнауын пайдаланушы компаниялар әкімдердің өтінішімен осы ақшаларды жергілікті колледждерге аударады. Ал олар ақшаны өз студенттерінің даярлық деңгейін арттыруға жұмсамайды. Қалай дегенмен де, біз Ақтөбе мен Шымкент колледждерінің түлектерінен бұл тұрғыда әлі жақсы пікірлер естіген жоқпыз. Мұнай-газ компаниялары оқыту бойынша жылына 5 млн доллардай жалпы сомадағы өз міндеттемелерін орындамайды. Борыштылықпен министрлік жұмыс жүргізуде. Үш сот біздің пайдамызға шешілді, соның ішінде жер қойнауын пайдаланушыларды оқыту бойынша міндеттемелерін орындауға мәжбүрлеу туралы Жоғарғы соттағы сот ісінде жеңіп шықтық. Айтпақшы, «CNPC Айдан Мұнай» компаниясы 251 млн теңге мөлшеріндегі бережағын APEC Petrotechnic колледжіне аударып өтемекші ниетте. Бұл ақшаға 160 студент оқытылады. Бүгінде біз 400 млн теңгеге тағы 23 талап-арыз дайындадық. 

 

БАЛАБАҚШАНЫҢ АЗ ЕКЕНІН БІЛЕДІ

Жұмыс сапары барысында үкімет делегациясы Жұмыскер поселкесіндегі №35 мектеп-гимназиясы мен №11 «Таңшолпан» балалар бақшасына барды. Г. Әбдықалықова мен А. Сәрінжіпов өңірдегі балабақша орындарына қатысты проблемалардан хабардар екенін айтты.

Сапар қорытындысы Атырау мұнай және газ институтында жасалды. Г. Әбдіқалықова «Теңіз», «Қарашығанақ» кеніштерін кеңейту және «Қашағанды» іске қосу жобаларын, сонымен қатар еліміздегі мұнай-газ өңдейтін үш зауытты кадрлық қамту бойынша бірыңғай тәсілдерді әзірлеуді тапсырды.

Ол үшін мұнай өндіруші және мұнай өңдеуші компаниялардан, әкімдіктерден, сонымен қатар, білім беру, энергетика, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерінен үшжақты келісімдер бойынша топтар құрылатын болады, – деді ол.

Білім және ғылым министрлігі Әбдіқалықованың тапсырмасы бойынша заңнама актілеріне кезеңдік енгізу үшін қажетті бүкіл өзгерістер мен жаңалықтар бейнеленген кәсіптік білім берудің дуальды жүйесі туралы толық ақпараттық пакетті жасақтайды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

21 қазан 2014, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.