Атырау, 19 сәуір 02:43
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Көмекші асыра сілтеп жіберді

1 804 просмотра

Құлсары қаласында Жылыой АІІБ учаскелік инспекторының көмекшісі А.С.-ға қатысты қылмыстық іс тергеліп, аудандық сотқа жолданды.

Осы жылдың мамырындатүнде қала тәртібін қараған Жылыой АІІБ учаскелік инспекторының көмекшісі мен жол-патрулдік полициясы ротасының екі қызметкері көппәтерлі үйдің ауласында арақ ішіп отырған жастардың үстінен түседі. Сол жерде инспектор көмекшісі олардың біреуін патрульдік автокөліктің артқы жағына отырғызып алып ұра бастайды. Наркологиялық диспансерде мас күйінде болу дәрежесін анықтаған соң жігітті аудандық ІІБ-не әкеледі. Инспектор көмекшісі оны тағы да басынан, денесінен ұрып жібереді.  

Кейін жәбірленуші аудандық прокуратураға шағым түсіреді. Сот-медициналық сараптама оның орта дәрежелі жарақат алғандығын дәлелдейді. Осыдан соң прокуратура ҚР ҚК 308 бабы 4-тармағы «а» тармақшасы («Билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы асыра пайдалану») және 104-баптың 1-тармағы («Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiру») бойынша қылмыстық іс қозғайды.

Бүгінде тергеу аяқталды, енді әрі қарай істі сот шешеді.   

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 қазан 2014, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.