Атырау, 23 сәуір 12:44
 бұлттыВ Атырау +26
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

«Салықтық жеңілдіктер қысқартылады». «Путин сенсе де, біздің Қорғаныс министрлігі сенбейді...». «Миланда Назарбаевтың есіне Шалабаеваны салуды ұмытпады». «Қырым мәселесінде Ресей оппозициясы екіге жарылды». «ҚМДБ: жиһад туралы пәтуа».

2 256 просмотра

ALASHAINASY.KZ    «Хакім Суербаев: Мұнайдың 47 пайызы елде өндірілетін болса, әлемдік нарықтағы мұнай бағасын аңдып отырмайтын едік» - Мұнай қорымыздың молдығы жағынан әлемдегі мұнайлы деген 15 мемлекеттің қатарына енеміз.

«Салықтық жеңілдіктер қысқартылады» - Бұл туралы Сенатта өткен «Салықтық льготаларды оңтайландыру және олардың тиімділігін арттыру» атты «дөңгелек үстелде» жарияланды.

«"Алтын алқамды" ломбард та алмайды...» - Ресейлік utro.ru сайтының хабарлауынша көршіміз үш және одан да көп баласы бар отбасыларға кезектен тыс үй беру мәселесін қарастырып жатқан көрінеді.

«Путин сенсе де, біздің Қорғаныс министрлігі сенбейді...» - Ақтөбе облысының тұрғыны өзінің соғыс ардагері екенін қаншама жылдан бері дәлелдей алмай жүр. 88 жастағы Көпбай Тәжіғалиев бір жыл қан майданда болып, кейін төрт жылын жат жерде әскери қызметте өткізген. Ақсақалдың соғысқа қатысқанын тіпті Ресей билігі мойындап, жақында медальмен марапаттапты. Бірақ еліміздің шенеуініктеріне бұл аздық етіп отыр.

AIKYN.KZ    «Айманов мерейтойы қалай тойланып жатыр?» - Биыл қазақ киносының майталманы – Шәкен Аймановтың 100 жылдық мерейтойы. Бұл мереке өткендегі «Еуразия» кинофестивалінің аясында өз деңгейінде аталып өтті. Десе де, бұл жасалып жатқан құрмет, өткізілген әртүрлі шаралар әлі де аздық ететін сыңайлы.

«Бап өзгерсе, алаяқтық азаяды» - Қолданыстағы заңнамадағы қайшылықтар мен кейбір баптардың бір-бірін теріске шығаруы несие беруде түрлі алаяқтыққа жол ашып отыр.

AZATTYQ. ORG       «Миланда Назарбаевтың есіне Шалабаеваны салуды ұмытпады» - Италиядағы «Азия-Еуропа» cаммиті кезінде әлемдік БАҚ назары Путин мен Порошенко келіссөзіне ауды. Жергілікті газеттер Алма Шалабаеваны Қазақстанға заңсыз депортациялау оқиғасын еске алды.

«Қырым мәселесінде Ресей оппозициясы екіге жарылды» - Кремльдегі билік ауысқан күннің өзінде Қырым Украинаға қайтарылмайды деген Ресей оппозиционерлерінің сөзі түбекке қатысты дау-дамайды қайта қоздырды.

ABAI.KZ    «ҚМДБ: жиһад туралы пәтуа» - Діни басқарма хижра жасау, тәкпіршілдік және жиһад туралы пәтуа шығарды.

«Жалған мадақ және әділдік» - Әділдік туралы әңгіме айтқанда ең алдымен қоғамдағы еңбек пен табыс бөлінісі ауызға алынары белгілі. Оны айналып өту мүмкін де емес.

SERKE.ORG.  «Әблязовты Ресейге экстрадициялауы мүмкін» - Францияның бас прокуратурасы Мұхтар Әблязовты Ресейге экстрадициялауды сұрап отыр, - деп жазады француз газеті  Le Parisien.

QAZAQUNI.KZ    «Әлемді дүрліктірген “Ислам мемлекеті” Қазақстанға қауіп төндіре ме?» - Дін Исламның атын жамылып, жер астынан шыққан жік секілді болған «Ирак және Левант Ислам мемлекеті» (ИГИЛ, ИМ) атты терроршылдар тобыры әлем елдерінің үрейіне айнала бастады.

20 қазан 2014, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.