Атырау, 16 сәуір 13:28
 ашықВ Атырау +16
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Бақтықожа Ізмұхамбетов: «Айтқан сөзі мен істеген ісіне әркім өз басымен жауап беруі керек»

2 949 просмотра

«Өз жауапкершілігіммен мәлімдеймін – облыс оқулықтармен 100 пайыз қамтылған. Жетіспеушілік деген жоқ және болған емес!» - деп мәлімдеді бүгін, 17 қазанда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ.

Журналистердің бірі әкімге Атырау БАҚ-тарында оқулықтармен төмен қамтылу бойынша Атыраудың «бірінші» орында екендігіне сілтеме жасап, сұрақ қойды.

Біз ешқандай да бірінші орында тұрған жоқпыз! – деп жауап берді әкім тегеурінмен сөйлеп. – Осы жерде менің орынбасарым қатысып отыр, ол мұны растай алады, – деді ол Шыңғыс МҰҚАН жаққа қарай басын изеп. – Бірақ кейбір ауқатты адамдар осы оқулықтарды мектепке қайтаруға қатысты сарсаңға түспес үшін өздері сатып алуды ұйғарған.

Ата-аналар тобы – «Ақ Жайық» газетінің қызметкерлері былай деп мәлімдеді: біз өзімізді ауқатты адамдармыз деп есептемейміз. Бірақ ағымдағы оқу жылы 6 мыңнан 20 мың теңгеге дейінгі сомада оқулықтар сатып алуға мәжбүр болдық. Атап айтқанда, №3, 8 , 17, 30, 31 мектептерде оқулықтардың жетіспейтіндігін растай аламыз. Менің әріптестерімнің бірі №31 мектепте мектепке дейінгі дайындық («нөл») сыныбында оқитын баласы үшін оқулықтардың толық жиынтығын сатып алған.

Естеріңізге салсам, таяуда биылғы жылдың бюджетіне өзгерістер енізуге арналған қалалық мәслихаттың сессиясында қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мақсот ҒАЛЫМОВ «облыстық бюджеттен оқулықтарды қосымша сатып алуға 187,6 млн теңге мөлшерінде мақсаттық трансферт жоспарланды» деп хабарлаған еді.

Брифингте әкімге бірінші басшының өз командасы үшін жауапкершілігі туралы сұрақ қойылды.

– Сіз Атырау облысына атышулы Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ ұйымдасқан қылмыстық тобы ұсталғаннан кейін келдіңіз. Осы уақыт ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстарға тағы бірнеше облыс басшылары айыпталды. Сіздің қарамағыңыздағы адамдар да қателік жасайды деп қорықпайсыз ба? Қазір ауыл шаруашылығы министрлігінің орынбасары ӨМІРИЯЕВҚА айыптау үкімі шығарылғаннан кейін оның басшысы МАМЫТБЕКОВ лауазымынан кетеді деп бәрі күтіп отыр. Егер сіздің бағыныштыңыз қазына ұрлаған болса, сіз отставкаға кетер ме едіңіз?

Мен бұл жұмыспен айналыспағанымды айтқым келеді, оны құқық қорғау органдары жүргізді. Мен облысқа осының бәрі жүргізіліп жатқанда келдім. 100 пайызға кепіл бере алмаймын. «Жұмыс істемейтін адам ғана қателеспейді»деген мақал бар. Мамытбеков үшін айта алмаймын. Мұндай (жемқорлық қылмысы) орын алуы мүмкін.Бірақ, мен бірден айтып қояйын: егер бір адам қателік жіберсе, мен ол үшін отставкаға кетпеймін. Айтқан сөзі мен істеген ісіне әркім өз басымен жауап беруі керек.

Астанада Б.Ізмұхамбетовтің сөйлеген сөзі туралы толық материалды кейінірек оқисыздар.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

17 қазан 2014, 15:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.