Атырау, 24 сәуір 06:49
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Корей тамағының барлығы ащы емес

2 438 просмотра

Атырауда Корей Республикасы күні аталып өтіп, оған осы елдің Қазақстандағы елшілігі қызметкерлері қатысты.

Елшіліктің аспазы Теин ПАК  (суретте) корей тамағы жөнінде бәрін, тіпті, одан да көп біледі.

- Көптеген адамдар корей тағамдарын өте ащы, сондықтан да денсаулыққа зиян деп қате ойлайды. Шын мәнінде, біздің тағамдарымыз алуан түрлі, - дейді ол. Теин Қазақстанға келіп, жергілікті кәрістердің тағамдары жаңа түрге енгенін көргенде таңғалғанын жасырмады:

- Осы жерде өмір сүретін кәрістер өздерінің тамақ дайындаудағы ұлттық дәстүрлерін сақтап қана қоймай, оны жергілікті жағдайларға қалай бейімдегеніне таң қалмасқа болмайды. Өйткені, біздің тағамдарымызға қосатын көптеген қоспалар Қазақстанда жоқ, сол себепті оларды басқа нәрселермен алмастыру қажет. Сонымен қатар, корей аспаздығы өзіне қазақ тағамдарынан да бір нәрселер қосқанын байқадым, сондықтан да бәрі ерекше де дәмді.

Шеберлік дәрісіне келген қонақтарға Теин пульгоги ет тағамы мен кәрістің дәстүрлі кимчи орамжапырағын дайындауды үйретті. Дәріс аяқталған соң барлығы дайындалған тағамдардан ауыз тиді – тіл үйіреді! Корей тағамдарының ащылығы жөнінде жалпы қалыптасқан пікірлерге қарамастан, пульгоги нәзік, хош иісті, өте дәмді болып шығыпты.

Корейлік қонақтар, сондай-ақ, «Мисс бабуля» көркем фильмін көрсетті. Бұл - қартайғанда жалғыз қалған 74 жастағы О МалСун туралы комедия. Алайда, бір күні оған бір фотограф кездесіп, суретке түсіргеннен кейін 50 жасқа жасарасың деп сөз береді. Айтқаны орындалып, жас қызға айналған О МалСун қайтып келген жастығын текке өткізбеуді шешеді. Жанрының жеңілдігіне қарамастан бұл кино өміріміздің әр күні босқа өтіп жатырған жоқ па деген ойға итермелейді.

- Елдеріміз арасындағы ынтымақтастық жыл сайын нығайып келеді, - дейді Қазақстандағы Корей Республикасы елшілігі жанындағы мәдениет орталығының директоры Ви Мен-Де. – Қазақстандықтардың біздің мәдениетіміз бен дәстүрімізге осындай қызығушылық танытқанына біз қуаныштымыз.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

16 қазан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.