Атырау, 19 сәуір 14:37
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Әкімдер қабылдауында

1 952 просмотра

– Облыс пен қала әкімдерінің қабылдауына қалай кіруге болады?

Телефон арқылы

Облыс әкімінің қабылдауына қалай кіруге болатыны туралы облыс әкімі аппаратының жетекшісі Ернар БАСПАЕВ әңгімеледі:

– Облыс әкімінің, оның орынбасарлары мен аппарат жетекшісінің жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауы облыс әкімі «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР заңымен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен белгіленген тәртіппен тоқсан сайын бекітетін кестеге сәйкес жүргізіледі.

Азаматтарды қабылдау кестесі тоқсан сайын облыстық «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттерінде жарияланады.

Облыстық әкімдік ғимаратында азаматтардың өтініштеріне арналған арнайы жәшік орнатылған. Оған шағымдарын, өтініштерін салу үшін азаматтар еркін қол жеткізе алады. Сонымен қатар, облыс басшыларының қабылдауына алдын ала жазылуды облыс әкімі аппаратының жалпы бөлімінің өкілетті қызметкері жүзеге асырады. Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазбаша өтініш беріледі. Өзімен бірге жеке бас куәлігі болу керек. Жазба күн сайын 35-45-51 телефоны арқылы және ішкі 165 телефон нөмірі бойынша өткізу бюросы арқылы жүзеге асырылады.

Қалалық әкімдіктің жалпы бөлімінің бастығы К. ЕРМЕКОВА:

– Қала әкімі бекітілген кестеге сәйкес айына 2 рет азаматтарды жеке қабылдайды. Қала әкіміне алдын ала жазылу қалалық әкімдік ғимаратының 1-қабатында орналасқан №104 кабинетте сейсенбі мен бейсенбіде сағат 9-дан 12-ге дейін жүргізіледі, тел. 27-10-30. Өзімен бірге жеке бас куәлігі болу керек. Өтініш беру мен әкіммен кездесу арасындағы уақыт кезектілікке сәйкес реттеледі.

16 қазан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.