Атырау, 25 сәуір 17:00
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«Ильич шамымен» қоштасу

4 342 просмотра

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда «Ильич шамы» толығымен саттықтан ғайып болуы тиіс. Біз өткен күннің еншісінде қалған дәстүрлі қызу лампасының баламасына қатысты Атырау нарығын зерттеп шыққан едік.

АРТЫҚШЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ЕКІ КЕМШІЛІК

Естеріңізге салсақ, қызу лампасын өндіруге және сатуға Қазақстанда «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» жаңа заң күшіне енген кезде, 2012 жылдың шілдесінен бастап кезеңдік тыйым салынған болатын. Алдымен қуаттылығы 100 ватт және одан жоғары лампаларды өндіру мен сатуға тыйым салынды. Содан соң 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап – қуаттылығы 75 ватт және одан жоғары, ал 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап – қуаттылығы 25 ватт және одан жоғары лампаларға кезек келді. Алайда Ильичтің «ескі» шамдарын әлі де дүкендер мен базарлардан табуға болады.

Энергия үнемдеуші лампалардың түрлері көптігіне қарамастан, қызу лампасы сұранысқа ие. Өйткені, олар анағұрлым арзан, - дейді дүкендердің бірінің әкімшісі.– Қазір саттықта негізінен қуаттылығы аз лампалар бар. Галогенді лампалар да сұранысқа ие. Соңғы жылдары тұтынушылар энергия үнемдейтін түрлеріне көшуде. Энергия үнемдеуші лампалардың түрі өте көп. Олардың сыртқы түрлері де әр алуан. Шиыршықты, дөңгелек пішінді кәдуілгі түрлері бізге таныс. Декоративті, түтік тәрізді люминесцентті түрлері кеңселерде кеңінен қолданылады. Энергия үнемдеуші лампалардың цокольдары түрлі аспашамдар мен шырағдандарға еш қиындықсыз сәйкес келеді. Энергия үнемдейтін лампалардың артықшылықтары айқын. Мұндай лампалардың құрылымы мен олардың жұмыс принципі қызмет ету мерзімін қызу лампасымен салыстырғанда 5-15 есеге ұзартады. Бұл шамамен 5-тен 12 мың сағат жұмысқа дейін барады. Энергия үнемдеуші лампалар қызу лампасынан жоғары дәрежеде жарық беруімен ерекшеленеді. Олар бес есе үнемді. Бұдан басқа, тұтынушы өзіне ыңғайлы жарық реңін: жұмсақ ақ, суық реңді ақ, күндізгі, сары түстісін таңдай алады.

Алайда әжептәуір кемшіліктері де бар: бұл энергия үнемдегіш лампаның құрылымында сынаптың болуы және қызу лампасымен салыстырғанда қымбат болуы. Егер алдағы уақытта энергия тұтынуды үнемдеу мақсатында екінші кемшілікке көз жұма қарайтын болсақ, біріншісі едәуір салмақты кемшілік болмақ.

 

ОНЫ ҚАЙДА ЖІБЕРЕМІЗ?

БІРДЕЙ ДЕҢГЕЙДЕ ЖАРЫҚБЕРЕТІН ТҮРЛІ ЛАМПАЛАРДЫҢБАҒАЛЫҚСИПАТТАМАСЫ
Әдеттегі цокольді лампалар:

- Қызу лампасы, 60 ватт – 80 теңге
- Спиральді энергия үнемдеуші лампа, 11 ватт – 490 теңге, 13 ватт – 360 теңге
LED-лампа, 6 ватт – 750 теңге
Нүктелі шырағдандарға арналған лампалар:
- Галогенді лампа, 35 ватт – 120 теңге
- Энергия үнемдеуші лампа, 7 ватт – 340 теңге
- Led-лампа, 3 ватт – 590 теңге
Түтік түріндегі люминесцентті лампа – 190 теңге, оның жарық диодты аналогы – 2750 теңге.

Энергия үнемдегіш лампа жарамсыз болған жағдайда оны басқа тұрмыстық қалдықтармен бірге қоқыс жәшігіне лақтыруға болмайды. ҚР Үкіметі, БҰҰДБ және «Қазақстан Республикасында тиімді энергиялық жарықтандыру қозғалысы» Жаһандық Экологиялық Қоры «Құрамында сынап бар лампаларды жинау, сақтау және кәдеге жарату жүйесі» жобасын жасақтады. Ал ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі 2012 жылы халықтан құрамында сынып бар энергия үнемдегіш лампаларды жинау механизмін жасап шығарды. Атап айтқанда, жергілікті атқарушы органдар жинау, тасымалдау, уақытша сақтау және кәдеге жарату шығындарын қоса отырып, кәдеге жаратуға тиесілі лампалар санын есептеуді және талдауды, сонымен қатар қабылдау пунктінің мекен-жайы мен санын анықтауды жүзеге асыруы тиіс. Оларды лампалар сататын дүкендерде (сауда орталықтарында, әмбебап дүкендерде) немесе ПИК аумағында және т.б. ұйымдастыруға болады.

Бұл іс жүзінде Атырауда қалай өтуде? Мен шағын тәжірибе жүргізген едім.

Бүгінде Атырауда құрамында сынап бар лампаларды кәдеге жаратумен бір ғана кәсіпорын – «West Dala» ЖШС айналысуда. Бірақ ол тек заңды тұлғалармен ғана жұмыс жасайды. Мен ол жерге жарамсыз болып қалған бірер лампаны кәдеге жарату мәселесімен хабарласқан едім. Кәсіпорын мамандары олар жұмыс істеген жылдар ішінде мұндай мәселемен тек бірен-саран жеке тұлға хабарласқанын мойындады. Бірақ экология мен қоршаған ортаның денсаулығы туралы ойлайтын мұндай саналы азаматқа да қауіпті лампаны тапсыру оңай шаруа емес көрінеді.

Біріншіден, тапсыру үшін West Dala зауыты орналасқан Орал трассасының 8-ші шақырымына баруға тура келеді. Екіншіден, бір лампаны кәдеге жарату үшін 240 теңге төлеу керек.

Қала маңынан энергия үнемдеуші лампаны қабылдайтын жер таба алмадым. Содан соң мен қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасына хабарластым. Ондағылар ТЖ департаментіне жүгінуге кеңес берді. Ол жердегілер қайтадан тұтынушылар құқығын қорғау басқармасына сілтеді. Соған қарағанда, қырсық шалған лампаны қоқыс жәшігіне лақтыра салып, ол туралы ұмытқан әлдеқайда жеңіл екен.

 

ҮНЕМДІ ДИОД

Бұдан басқа LED немесе жарық диодты лампа деген бар.

Жарық диодты лампалардың құрамында улы немесе қандай да болмасын зиянды хаттар жоқ. Бұл лампалар жылтылдамай, тұрақты жарық береді. 80-нен 230 Волтқа дейінгі кернеумен жұмыс істей алады. Жарық диодты лампалардың қызмет ету мерзімі 50 мың сағатқа дейін, - деді дүкендердің бірінде. – LED лампалардың цоколдары да барлық аспашамдар мен шырағдандарға бейімделген. Нүктелі шырағдандарға арналған  LED лампалар бар. Кеңселерде кең қолданылатын люминесцентті түтікті лампалардың аналогы – LED түтіктер шығарылады. Егер электр энергиясын үнемдеу туралы айтар болсақ, LED лампалар әдеттегі қызу лампасына қарағанда 50-70 пайыз аз электр энергиясын тұтынады.

Артықшылықтармен қатар жарық диодты лампалардың бір ғана елеулі кемшілігі бар. Ол – бағасының қымбат болуы. Қалай болғанда да 1 қаңтардан кейін тұтынушыларда тек энергия үнемдегіш лампалар мен жарық диодты лампаларды таңдау ғана қалады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

16 қазан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.