Атырау, 29 наурыз 07:35
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Экс-әкімнің ісі. Прокурорлар 8-ден 18 жылға дейін сұрап отыр

6 579 просмотра

1 қазанда «Бергей Рысқалиевтың ҰҚҚ» ісі жөніндегі сотта тараптардың жарыссөздері басталды. Алғашқы екі күнде прокурорлар айыптау қорытындыларын оқып шықты. Олар сотталушылар үшін 8-ден 18 жылға дейін қамауға алу жазасын сұрап отыр.

Осындай ең жоғарғы мерзімді олар облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Болат ДӘУКЕНОВ үшін сұрады.Басқа бұрынғы шенеуніктер үшін прокурорлар келесі мерзімдерді сұрады: облыс әкімінің орынбасары Асқар ӘБДІРОВКЕ – 15 жыл; Атырау қаласының әкімі Асқар КЕРІМОВКЕ, құрылыс басқармасының бастығы Нұрлан КЕНЖЕБЕКОВКЕ және энергетика басқармасының бастығы Бауыржан ЖАЙСАҢОВҚА – 14 жылдан; «Атырау облыстық құрылыс басқармасы» ММ бастығының орынбасары Ибрагим ӘМІРОВКЕ – 10 жыл. Қалған барлық сотталушылар үшін де айтарлықтай мерзімдер, ең аз мерзім - 8 жылды прокурорлар қаржы басқармасының бастығы Бауыржан ЖАНТЕМІРОВ үшін сұрады. Айыптау тараптары шамамен осындай мерзімдерді мердігерлер қатарындағы сотталушылар үшін де тағайындауды сұрады.

Айыптау қорытындысы оқылғанда оны қатысқандардың барлығы анық естіп үлгермеді. Бүкіл мәтінді толықтай ешкім де ұғынбады. Адвокаттардың бірі тіпті мұны «тез оқу жарысы» деп атады. Шынымен де, материалдары 700-ден астам томды құрайтын іс бойынша айыптау қорытындысы бір жарым жұмыс күні ішінде оқылды. Прокурорлардан кейін сотта адвокаттар сөз алады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

8 қазан 2014, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.