Атырау, 23 сәуір 15:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Қазақстан Иранға астық тасымалдауды 2 млн. тоннаға дейін арттыра алады - Азық-түлік келісім шарт корпорациясы

2 605 просмотра

Иран 2-3 маркетингтік жыл ішінде 2 млн. тоннаға дейін қазақстандық астықтың импортын арттыруға мүдделі деп хабарлайды «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ.
Қазақстандық кеомпанияның мәліметінше, Астанада «ҚазАгро» Холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Дулат Айтжанов Иранның Үкіметтік сауда корпорациясының (GTC) төрағасы Али Гханбаримен және GTC сатып алу комитетінің мүшелерімен кездесті. Сонымен қатар кездесуге «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ және «ҚазАгроӨнім» АҚ басшылары қатысты.

«Кездесу барысында қазақстандық тарап қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін транзиттік тасымалдау, сондай-ақ астық бойынша СВОП-операцияларды іске асыру аясында ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдірді»,-делінген хабарламада.
Өз кезегінде иран тарабы астық дақылдарының өзара сауда көлемін арттыруды және СВОП-операцияларын ұйымдастыруға, сондай-ақ майлы дақылдар мен етті импорттауға қызығушылық білдірді.
«GTC Корпорациясы 2-3 маркетингтік жылдар ішінде 2 млн. тоннаға дейін қазақстандық астықтың импортын арттыруға дайын екенін мәлімдеді»,-деп атап көрсетілген хабарламада.
Иранның Үкіметтік сауда корпорациясы (Governmental Trading Corporation of Iran) – Иранның сауда министрлігінің үлестес компаниясы. Оны құрудың негізгі мақсаты бидай, күріш, шитті қант, шикі мұнай, ұнтақты сүт, отандық және шетелдік тыңайтқыштар сияқты негізгі тауарларды сатып алу арқылы елдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл тауарлар тұтынушылар арасында жеңілдікті бағамен бөлінеді.
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның негізгі қызметі мемлекеттік астық ресурстары мен одан қайта өңделген өнімдерді сатып алу, қалыптастыру, есепке алу, сақтауды ұйымдастыру, жаңарту, орнын ауыстыру, сатуды қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстанның Үкіметі белгілеген басқа да қызметтер болып табылады. Компанияның жалғыз акционері «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болып табылады.
«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін акционерлік қоғамдардың инвестициялық активтерін тиімді басқару жолымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдинг құрамына «Азық түлік келісім шарт корпорацициясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ, «ҚазагроӨнім» АҚ, «ҚазАгрогарант» АҚ, «ҚазАгромаркетинг» АҚ кіреді.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

6 қазан 2014, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.