Атырау, 24 сәуір 12:22
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

«Қазақстанда алдағы уақытта бензин бағасы көтеріледі»

3 393 просмотра

Ұзақбай ҚАРАБАЛИНҰзақбай ҚАРАБАЛИНдеп мәлімдеді мемлекетаралық форум шеңберінде өткен «Көмірсутек саласындағы инновациялар» атты көрмеде энергетика вице-министрі Ұзақбай ҚАРАБАЛИН (суретте) «АЖ»-ға берген өз сұхбатында.

«БІЗ БАҒАНЫ РЕСЕЙМЕН ТЕҢЕСТІРУГЕ ТИІСПІЗ»

– Жанар-жағармай тапшылығы біздің үш мұнай өңдеу зауыты қайта жарақталып болғаннан кейін жойылатын болады. Зауыттар толықтай қуаттылықпен жұмыс жасауда, қайта жарақтау жұмыстары үзіліссіз қатар жүргізілуде. Ол, біріншіден, өңдеу көлемдерін көбейтуге мүмкіндік береді. Олар Қазақстанды толықтай мұнай өнімдерімен қамтамасыз етеді. Екіншіден, қайта жарақтау сапаны арттыруға және Еуро-4 және Еуро-5 стандартты мұнай өнімдерін шығарумен қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұл қашан болады?

– 2016 жылы қайта жарақтау жұмыстары аяқталады деп күтіп отырмыз. Демек, 2017 жылдан бастап. Оған дейін тапшылық проблемасын бірнеше жыл бойы шешіп келе жатқандай шешетін боламыз: 30 пайыздай отынды келісім бойынша Ресейден аламыз. Бізде үкіметаралық келісімдер, индикативті баланс бар, ол бойынша біздің миллион тоннадай отынды баж салығынсыз және жарты миллион тоннадан астам дизель отынын алуға мүмкіндігіміз бар. Алайда биыл Ресей зауыттарында бірнеше апат орын алды. Соның ішінде Ачинск зауыты да бар. Ол қазір іске қосылуда. Бірақ сол кезеңде өндіру көлемі төмендеген еді. Бұл шілде-тамыз-қыркүйек айларында болды. Осы тапшылық ауыл шаруашылығындағы жинау жұмыстарына көп көлемде шығындардың болуымен тұспа-тұс келді. Бұдан басқа, ресейлік жеткізушілер бізді келісілген көлемде қамти алмады. Бүгінде ахуал қалыпқа келуде, жаңа түсімдер әкеліне жатыр. Қазанның екінші жартысында бұл мәселені шешеміз деп ойлаймын.

- Сіз қажетті отынның 30 пайызын Ресейден сатып аламыз, ондағы бензин бағасы біздегіге қарағанда әжептәуір жоғары дедіңіз (92-ші маркалы бензин РФ-да 150-160 теңге тұрады). Бұл біздің бензиніміздің бағасы да көршілерді «қуып жетеді» деген сөз бе?

– Ал сіз қалай ойлайсыз? Егер біз Ресейден қажетті отынның 30 пайызын қымбатқа алсақ, ал бұл жерге арзанға сатсақ, болашақта не болады? Біз өз бағамызды теңестіруге тиіспіз деп ойлаймын.

Ресейліктердің деңгейіне дейін бе?

– Немесе Ресей біздің деңгейімізге дейін.

Бірақ бұлай болуы екіталай.

– Неге, біз (Кедендік) одақтамыз ғой, қазір бір-бірімізге ықпалдасып, жақындай бастайтын боламыз...

– Яғни, отын бағасы сөзсіз көтеріледі деп есептейсіз бе?

– Уақыт өте баға көтерілуі тиіс деп ойлаймын. Таяу және шалғайдағы 30-40 елдің ішінде ең төменгі бензин бағасы бізде екенін білесіз бе? Бүгінде Қазақстан еуразиялық кеңістік үшін арзан жанар-жағармай бекеті болып табылады. Өйткені ең көп көлемде жүк ағымы жүріп жатыр, бәрі де соңғы тамшысы қалғанда Қазақстан шекарасына дейін жетіп, осы жерде толықтай отын құйып алып, толы бакпен шығуға тырысады.  Осынау үлкен фуралардың бір тоннаға дейін құйып алатынын білесіз бе? Бүгінде «ҚазМұнайГаз» ҰК үкімет тапсырмасы бойынша ала алатын жерінен бензин сатып алып, осы жерге өзіне шығын келтіріп, арзанырақ бағаға сатады. Бірақ мұндай режимде қаншалықты ұзақ өмір сүруге болатыны белгісіз.

– Жинау науқанынан кейін тапшылық азая ма?

– Иә, әрине, әсіресе дизельдік отын бойынша.

(Ал бірнеше күн бұрын басқа басылымға берген сұхбатында Қарабалин «елде бензин қымбаттауы күтілмейді, өйткені үкімет өзінің келіспейтіндігін білдірді» деп растаған болатын. Үкімет шамалы ғана қасарысқан секілді).

 

«МАРЖЕРИ ҮШІН ЖАУАП БЕРЕ АЛМАЙМЫН»

– Өзіңіздің жұртшылық алдында сөйлеген сөздеріңіздің бірінде коммерциялық мұнай өндіруді бастау жұмыстарының орындалмауына кінәліге қатысты Қашаған бойынша өнім бөлінісі туралы келісімде қарастырылған санкциялар туралы айтып өттіңіз.

– Егер 2013 жылдың 1 қазанынан кейін мердігер (дәлірек айтқанда, вице-министр Солтүстік Каспий консорциумын меңзесе керек – З.Б.) коммерциялық өндіруді қамтамасыз етіп үлгермесе, әрі қарай коммерциялық өндіруге дейінгі бүкіл жұмыстар өтелмейтін шығындарға айналады (яғни, мемлекет осы шығындарды мұнай өндіру есебінен өтемейтін болады– З.Б.). Сондықтан қазіргі жүріп жатқан бүкіл жұмыстар өтелмейді. Мердігер бұл жұмыстарды өз қалтасынан өтеуі тиіс. (Естеріңізге салсақ, жұмыстардың осы кезеңі немесе бірінші фаза үшін жауапты – «Аджип ҚКО» агенті. Бұл шығындар итальяндықтарға жүктеледі дегенді білдіре ме, өйткені қырсық шалған тұрбаларды жүргізген «Сайпем» компаниясы да Италиядан ғой? Бүгінгі күні Қашаған құпияларының бірі – дәнекерлеу жұмыстары сапасының нашарлығына кім жауап береді? Ресми түрде консорциум мойындағандай, жылыстаудың 90 пайыздан астамытұрбааралық тігістерден кеткен. Жұмыстардың осы блогы үшін жауапты адамның атын ешкім де атамайды. Энергетика вице-министрі де дәнекерлеу жұмыстарын орындаушы туралы сұраққа тікелей жауап бермеуді жөн көрді).

– Яғни, мердігер осы 200 км құбырды өз қалтасынан өтей ме?

– Иә, солай. Құбырды қосқанда бүкіл шығындар өтелмейтін шығындар.

– Құбырлары өзіне жүктелген жүктемеге сай келмеген бұл мердігер кім? Бұл үшін кім жауапты? Кінәліге мұнай өндіру уақыты орындалмағаны үшін, жоғалған пайдалар үшін санкциялар қолданыла ма?

– Мердігер консорциум алдында, ал консорциум біздің алдымызда жауап береді.

Мердігер ме, әлде қосалқы мердігер ме?

– Иә, қосалқы мердігер.

– Сіздің коммерциялық мұнай өндіру мерзімі 2016 жыл деп атағаныңызға көп уақыт өте қойған жоқ. Бірақ консорциум агенттерінің бірі француздық Total компаниясының басшысы француз журналисіне берген сұхбатында бұл 2017 жылдан бұрын басталмайды деп айтқан болатын.

– Маржери үшін жауап бере алмаймын (Total концернінің бас директоры Кристоф Маржери), мен консорциумның бізге мемлекет өкілдеріне не айтқанына сүйенемін. Біз 16-шы жылды белгіледік.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті тсүірген Қанат ЕЛЕУОВ

1 қазан 2014, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.