Атырау, 23 сәуір 22:10
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Шеберлер ауылы (Фото)

7 426 просмотра

Бүгін, 30 қыркүйекте Форумның мәдени шаралар аясында облыстық әкімдік маңындағы алаңда халықтық серуен ұйымдастырылды.

 

ҚАМШЫ ШЕБЕРЛЕРІ ӘУЛЕТІ

Қалалықтарды қуантып, таңғалдыру үшін көптеген бишілер мен әншілер жиналыпты, олар сахнада өнер көрсетіп жатты. Ал жағалауда жергілікті суретшілер мен қолөнер шеберлерінің жұмыстары қойылыпты.

85 жастағы Есполай ҚУАТОВ қамшыларды көне үлгімен жасайды екен.

- Менің атам Қуат өз ісінің үлкен шебері болған, оны аты бүкіл батыс Қазақстанға белгілі болған еді, - дейді ақсақал. – Әкем Бекмембет, одан кейін мен оның өнерін әрі қарай жалғастырдық, енді немерем Батырбек осымен айналысып жүр. Шеберлер әулеті деген осы.

Қария жасаған дүниесін мұқият кәрі қолдарына алып:

- Мұндай қамшы жасауға бірнеше апта уақыт кетеді. Әр өзін сыйлайтын еркектің қамшысы болуы керек. Ата-бабамда бұл болған. Олар қамшымен жын-перілерді қуып, мал қайырды, бес қаруының бірі болды... Қараш, қандай мықты, қылыштың алғашқы соққысына төтеп бере алады.

Есполай аға қамшыны дөненжіңнің терісінен жасайды екен. Оны тазалағаннан кейін ашыған сүтке салады. Сүт теріге сіңгеннен кейін ешкі мүйізінен жасаған арнайы қырғышпен артық жерлерін алып тастайды...

Ол өзі бұйымының жасалу жолдарын асқан ыждахаттықпен түсіндіргені сондай, сенбесіңе амал жоқ – ол әр қамшыға тек өз еңбегін ғана емес, жан-дүниесін салады екен.

 

ҰЯЛШАҚ ШЕБЕР ҚЫЗ

...Жануарлар мүйізінен жасалған бұйымдар, шатыра моншақпен өрнектелген жібек маталар, қыштан, тастан жасалған бұйымдар сұлулығы мен бояуы көз тартады. Ал Эльмира ЖҰМАБАЕВА болса, Атыраудағы қазір ұмытыла бастаған «пастель» әдісімен сурет салатын жалғыз суретші.

- Мен суретті италяндық қара қарындашпен және сангинамен саламын, кейде әрлендіру үшін түрлі түсті қарындаштарды да қолданамын, - дейді Эльмира.– Бұл әдісті XVI ғасырдың италяндық суретшілері қолданған.

Мен суретші әйелмен сөйлесіп тұрғанда, кішкене әріректе адамдар керемет ағаш сағаттардың айналасына жиналып жатты.

- Бұл сатылмайды,- деп жігіт кезекті рет біреуге түсіндіріп жатыр. – Түсінесіздер ме, бұл біздің рәмізіміз…

Кейін анықтағанымдай, бұл Н. Тілендиев атындағы кіші өнер академиясының 11-сынып оқушысы Нұржан СЕЙІТҚАЛИЕВ екен.

- Сағат сандарының айналасына оқушылар академияда үйренетін барлық өнер түрлерін ойып салды. Мында қобыз, дизайн, ән айту… Мұнда бәрі қолмен жасалған. Біз мұнда осыларды көрсету үшін келдік. Ана жерде оқушы қыздар тұр, олар көйлектер әкелді, олардың кейбірі жарты жыл бойы тігілген.

Соларға қарай бардық. Бәрі жан-жаққа қаша жөнелді. әзер дегенде, араларынан біз қыз шықты-ау. «Диана, өзің айт!»

- Бұл көйлектер біздің дипломдық жұмысымыз, олар ерекше, көріп тұрсыз ба? – дейді қыз.

Шебер қыздар өздері тіккен көп айлар бойы көздерінің майын тауысып жасаған кестелерін, шілтерлерін көрсетіп, ұсақ моншақтармен көмекерілген ерекше ою-өрнектерін көрсетіп, халықты таңғалдырды.

 

ҚАРАҒАШТАН ЖАСАЛҒАН КЕРЕМЕТ

- Бұл қарапайым қарағаштың тамыры… - деген әңгіме естілді сол жағымнан. Биіктігі бір метрге жақын ескі томар ҚАЛИЕВ шебердің қолымен өнер туындысына айналған. Бір жағынан қарасаң, батыр, келесі жағынан шауып бара жатқан ат тұяғын көресіз, ал мына жерде садақ пен жебе, қамшы, қобыз… Жалпы, жоқ емес нәрсе жоқ.

- Ағаш түбінен осындай дүние жасау қалай ойыңызға келді?

- Отырып-отырып, ескі томарды қазып алдым, - деп күледі жігіт ағасы. – Топырағын тазалап, бірнеше күн бұдан не жасауға болатынын қарап отырдым, бір күні басыма осы ой сап ете түсті. Мен бұл жұмысымды «Батырлар ұрпағы» деп атадым. Жақында мені осы бұйымыммен Астанаға Президент музейіне шақырды…

Әр қалалық алаңда құрылған кез-келген киіз үйге емін-еркін кіріп, ұлттық тағамдардан ауыз тие алды. Шуақты күннен бе, әлде мерекелік көңіл күйден бе, алаңда бір қуанышты ауан қалыптасты. Барша жұртқа ұнады деп ойлаймын.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсіргенТамараСУХОМЛИНОВА

30 қыркүйек 2014, 18:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.