Атырау, 25 сәуір 18:25
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«Ресей мен Иран неге бірікті?». «Қытай да Ресейге қыр көрсете бастады...». «Өзбек түрмесінде қаза тапқан тәжік генералы».«Қытай қазақтары шайын Гиннеске енгізді».«Ресейде баспасөзді шектейтін тағы бір заң шықты».

2 279 просмотра

ALASHAINASY.KZ       «Ресей мен Иран неге бірікті?» - Мәскеу мен Тегеран Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындауға мүдделі емес. Өйткені қос мемлекет осы аймақтағы түркітілдес елдердің бірігіп дамуына жол бермеуді көздейді.

«Қытай да Ресейге қыр көрсете бастады...» - Қытай Ресейдің стратегиялық жақтастығынан қысас жасаушы қарсы тарапқа шығып кетті. Бұл осы аптадағы әлемдік саясаттағы нөмірі бірінші талқы тақырыбы боп жатыр деп жазады бірқатар халықаралық басылымдар.

«Мал басын сақтауда Африка құрлы болмадық...» - Қазір бірқатар елдер мал шаруашылығына үлкен мән беріп, осы саланың жоқ-жітігін жамауға жанын салуда. Бұл ретте Беларусь елі, көршілес Ресей елі, іргеміздегі Қытай Халық республикасы әжептәуір бағыт ұстанып мал басының өсіп-өнуіне барынша қызығушылық танытуда.

«Қазақтың ерекшелігі – түрі барлық ұлтқа ұқсайды» - Қазақтың бір ерекше қасиеті – түрінің жер бетіндегі барлық ұлтқа ұқсайтындығында. Мысалы, қазақтар ішінде бет-кескіні, түр-пошымы француз Жерар Депардьеге, Джеки Чанға келетіндер бар.

TURKYSTAN.KZ    «Путинді тоқтататын күш қайсы? Кремль бірнеше елдің шекара қауіпсіздігіне қатер төндірді» - АҚШ Украинаға әскери көмек көрсетуден бас тартты. Бірақ қауіпсіздік саласына 46 миллион доллар бөлді.

AZATTYQ. ORG        «Өзбек түрмесінде қаза тапқан тәжік генералы» - Зокир Хасановты Ташкент түрмесінде азаптағаны, оның азапқа шыдамай дүние салғаны екі жылдан кейін белгілі болды.

«Қытай қазақтары шайын Гиннеске енгізді» - Қытайдың Алтай аймағында өткен мал және егін шаруашылығы жәрмеңкесінде жергілікті кәсіпкерлер қазақ шайының 56 түрін дайындап, Гиннесс рекордтар кітабына енгізгені хабарланды.

«Ресейде баспасөзді шектейтін тағы бір заң шықты» - Ресей парламенті БАҚ-қа шетелдіктердің иелік етуін шектейтін заң жобасын мақұлдап, президентке жолдады. Шетелдік инвесторға тиесілі «Ведомости» газеті бұған алаңдап отыр.

SKIFNEWS.   «Әлемді ... жын кезіп жүр»- Шашы мен мұртын алып тастасаңыз түрі аумаған уахаб болып шығатын Карл Маркс деген шал бір кездері «Еуропаны елес кезіп жүр» депті. Қалай болғанда да, «қарт» құрлықты бірнәрсенің кезгені рас, алайда, ол ешқандай да елес емес еді.

QAMSHY.KZ    «Үкіметтік емес ұйымдарға сыйақы берілуі дұрыс па?» - Қазақстанның азаматтық альянсы (ҚАА) «ҮЕҰ-лардың қызметінің мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында  Үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ-ларды) қаржыландырудың үш түрін ұсынып отыр. Соның бірі – ҮЕҰ-ларға арналған сыйақы.

30 қыркүйек 2014, 09:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.