Атырау, 28 наурыз 21:56
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Путин: Каспий аймағы - әлемнің оазисі

1 668 просмотра
Каспий жағалауы мемлекеттері басшыларының IV саммитінде Ресей президенті Владимир Путин Каспий аймағы - әлемнің оазисі деп мәлімдеді, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі саммит өтіп жатқан Астрахань қаласынан хабарлайды.

"Каспий теңізі мен оның байлығы - біздің мемлекеттердің тарихи мұрасы, оны сақтау мен көбейтуға біз келешек ұрпақ алдында бірлесе жауаптымыз. Каспий аймағы, бейнелі түрде айтқанда, әлемнің және шынайы тату көршілестіктің оазисі. Бұл тұрақтылықтың негізі - Каспий жағалауы мемлекеттерінің, олардың халықтарының, басшыларының Каспийге қатысты барлық нәрсеге деген қамқорлығы. Мейлі қауіпсіздік, экономика немесе қоршаған ортаны қорғау мәселесі болсын", - деді Путин Иран, Әзірбайжан, Түрікменстан, Қазақстан басшыларымен кездесу барысында.

Ол Каспийге жан-жақты өзара әрекеттестік етудің қағидаларын айқындайтын саяси мәлімдеме қабылдау керектігін айтты, келешектегі базалық құжаттың тірегі Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция болуы тиіс.

"Біздің бес мемлекеттің өзара ынтымақтастығының одан әрі өркендеуі аймақтық тұрақтылықтың нығаюына, терроризммен, экстремизммен, есірткі айналымымен, басқа да қауіп-қатерлермен күресудің тиімділігін арттыруға ықпал етеді және біздің мемлекеттердің экономикалық дамуына қосымша қарқын береді, олардың әлемдік нарықтағы бәсекегеқабілеттілігін арттырады деп сенемін", - деді Ресей президенті.

Сонымен бірге, Путин тараптар көлік, Каспий теңізінің экожүйесін қорғау салаларындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша шараларды талқылап, халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасатынын айтты.

Айта кетейік, Ресейге сапары барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жанында Энергетика министрі Владимир Школьник жүр. 

Дереккөз: tengrinews.kz

 

29 қыркүйек 2014, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.