Атырау, 23 сәуір 16:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Ресей үкіметі Қырғызстанға 200 млн доллар бөлу туралы заң жобасын мақұлдады

2 044 просмотра

Ресей үкіметі Қырғызстанға елдің Кедендік одаққа кіруі бойынша «жол картасын» жүзеге асыруға 200 млн доллар бөлуді мақұлдады. Тиісті үкіметаралық келісімге 29 мамырда Астанада қол қойылған еді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Ресей Федерациясының үкіметі «Ресей Федерациясы Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы еуразиялық экономикалық интеграция жағдайында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы Келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады», - делінген хабарламада.

Одан әрі құжат бекітілген тәртіппен Ресейдің Мемлекеттік думасына жолданады.

Құжатқа сәйкес, ресейлік тарап Қырғызстанның Кедендік одаққа қосылуы аясында «жол картасының» шараларын қаржыландыруға қырғыз тарапына екі жыл бойы қайтарымсыз негізде 200 млн доллар береді.

Дереккөз: bnews.kz

 

29 қыркүйек 2014, 15:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.