Атырау, 20 сәуір 03:35
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Кабулда Ашраф Ганиді ұлықтау рәсімі өтеді

1 744 просмотра
Ашраф Гани Ахмадзай бүгін Кабулда ұлықтау рәсімінде ант берген соң, Ауғанстан президенті қызметіне кіріседі. Бұл туралы "Азаттық радиосы" хабарлады.

 21 қыркүйекте Ауғанстанда биыл президент сайлауының екінші кезеңінде бәсекелес болған елдің бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла мен бұрынғы қаржы министрі Ашраф Ғани Ахмадзай ұлттық ынтымақтастық үкіметін құру және билікті бөлісу туралы келісімге қол қойған еді. Оған сәйкес, Ашраф Ғани президент қызметін атқарады, Абдулла Абдулла үкіметке жетекшілік жасайтын адамды таңдайды. Бұған дейін Ауғанстанда президент атқарушы билікті өзі басқарып келген еді.

Осы келісімге дейін Ауғанстанда 14 маусым күні өткен президент сайлауының екінші кезеңінің қортындысына қатысты дау шыққан. Ол жолы сайлауда Ашраф Ғанидың жеңгені айтылғанымен, Абдулла Абдулла «сайлау нәтижесі бұрмаланды» деп, бәсекелесінің жеңісін мойындаудан бас тартқан. Нәтижесінде, БҰҰ өкілдерінің бақылауымен дауыстар қайта саналған.

Ашраф Ғани елде америкалық әскерилердің шағын контингентін қалдыруға мүмкіндік беретін АҚШ-пен келісімге қол қоюға уәде берген.

Дереккөз: BAQ.KZ

29 қыркүйек 2014, 12:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.