Атырау, 25 сәуір 19:25
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Миллиардтаған қаржы қолды болды

2 877 просмотра

Қаржы полициясы департаменті «ЦентрСтрой ЛТД» ЖШС басшыларына қатысты ҚР ҚК-нің 176-бабы («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету») бойынша қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлады.

Баспасөз бетшесінде ЖШС басшылары 2011 жылы «Махамбет аудандық құрылыс бөлімі» ММ-мен Бейбарыс ауылында су тазалау құрылғысы мен су құбыры желісін қайта салуға шарт жасасып, «орындалған жұмыс актіне жалған мәліметтер енгізу жолымен сеніп тапсырылған бюджет қаражатын талан-таражға салып, мемлекетке жалпы сомасы 187 млн теңге шығын әкелген», деп хабарланған.

Келесі баспасөз бетшесінде қаржы полициясы «Махамбет аудандық құрылыс басқармасы» ММ басшысы азамат И.-ге қатысты ҚК-нің сол бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлады: «Мекеме басшысы 2011 жылы «Махамбет ауданының Ақжайық, Талдыкөл, Есбол, Сарайшық, Махамбет ауылдарындағы су тазалау құрылғылары мен су құбыры желілерін қайта салу» нысандары бойынша жұмыстардың орындалмағанын анық біле тұра, орындалған жұмыс актісіне жалған мәліметтер енгізу жолымен ақшалай қаржыларды талан-таражға салып, мемлекетке жалпы сомасы 725 млн теңге шығын келтірген».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

29 қыркүйек 2014, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.