Атырау, 24 сәуір 19:22
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

«Инвестиция үшiн талас басталды». «Украина дағдарысы мен Қазақстанда ұмыт қалған сталинизм».«”Әл-Каида” Үнді түбегіне ойысты». «Оралдағы құпия полигон сыры ашылды ма?». «Долларсыздану көшінен қалған жоқпыз ба?».«Жемқорлыққа жол бергендер жария етіледі».

1 976 просмотра

ALASHAINASY.KZ       «Алаш идеясы: Қарыз бен Парыз» - Диірменнің тасындай шыр айналған дүниеде әр ұлт тәуменділіктен, құлдықтан, мойынды қажар отаршылдық қамыттан азат болуды аңсайды.

«Инвестиция үшiн талас басталды» - Әлем қақ жарылып жатыр. Өйткені қарқынды дамушы Қытай бастаған БРИКС тобындағы мемлекеттер мен дамушы мемлекеттерге дамыған Батыс өзіне тиесіліні беріп қойғысы келмейді.

«Алыпсатар ол кім?» - Елбасы өзінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» деп аталатын мақаласында адам бойындағы ең мерез мінез – масылдықты сын садағына алғаны есімізде.

AZATTYQ. ORG        «Украина дағдарысы мен Қазақстанда ұмыт қалған сталинизм» - Батыс елдерінде Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын айыптау күшейіп, қыркүйек айының ортасында Мәскеуде Бейбітшілік шеруі өтті. Шеру барысында президент Владимир Путиннің елде сталинизмді жаңғыртып жатқаны туралы айтылды.

«”Әл-Каида” Үнді түбегіне ойысты» - «Әл-Каида» басшысы әз-Завахири Үндістан, Мьянма мен Бангладеште осы ұйымның қарулы бөлімшелері құрылғанын хабарлады.

«Түрмеге көбіне жас, балалы әйел түседі» - Әйелдер түрмеге көбінесе алаяқтық жасағаны және есірткі сатқаны үшін түседі. Олардың орташа жасы – 30-50 жас. Көбінің балалары бар. Қазақстан мен Қырғызстанда әйелдер қылмысын жарты жылдай зерттеген сарапшылар осындай қорытындыға келген.

«Оралдағы құпия полигон сыры ашылды ма?» - 1942 жылдың ақпан айы. Төңірек мүлгіген түн құшағында. Кенет осынау тыныштықты ұшақтар моторының гүрілі бұзып, айнала жерді тітіреткен тұтас гуілге айналды да кетті.

«Долларсыздану көшінен қалған жоқпыз ба?» - Таяуда әлемнің сауатты жұртшылығы үш елең етерлік жаңалықтың куәсі болды. Оның алғашқысы – БРИКС тобындағылардың халықаралық банк секілді өзінің жеке қаржы институтын ашатындығы жайлы хабар.

AIKYN.KZ    «Оқуға түспегендерді кім ойлайды?» - Қазіргі заман кәсіби маманнан жоғары біліктілікті, ұтқырлық пен ұшқыр ойды, өз білімін ұдайы жетілдіріп отыруға дайын болуды талап етеді.

«Жемқорлыққа жол бергендер жария етіледі» - Келесі жылдан бастап елімізде жемқорлыққа жол берген жоғары оқу орындарының рейтингісі жария болуы мүмкін.

SHYN.KZ   «Компартия өкілдері өз басшыларынан орнын босатуды талап етуде» - Күні кеше Қазақстан коммунистік партиясының бұрынғы өкілі Алпамыс Бектұрғановтың мәлімдемесін жариялаған болатынбыз. Ол өзінің партия қатарынан не үшін шеттетілгенін айтып, Компартияның іштен бүлініп жатқандығын мәлімдеді.

29 қыркүйек 2014, 09:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.