Атырау, 29 наурыз 20:42
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Оқиғалар тізбегі

2 172 просмотра

ыркүйектің 18-де кешкісін Индер ауданының Ынтымақ селосында Бозекенов көшесінің бойындағы үйді шарпыған өрт көрші орынжайларға өршіген. Нәтижесінде екі үй түгелдей, бір үй жартылай өртеніп кетті. Сондай-ақ, үш пішен қораны өрт жалмады. Тұрғындар зардап шеккен жоқ.

***

 

Жанбай ауылының маңындағы Астрахан – Атырау тас жолында 18 қыркүйекте су полициясы «Дэу-Нексия» көлігін тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде салоннан 26 келі жаңа ауланған бекіре еті табылған. Балық жүргізушіге, Исатай ауданының 42 жастағы тұрғынына тиесілі. Тексеру жүргізілуде.

***

 

Қыркүйектің 20-ына қараған түні Жайық сағасындағы Зарослый каналында су полициясы қала маңындағы Жаңаталап селосының 25 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Ямаха-150» аспалы моторы бар қайықты ұстады. Қайықтан 2 сазан, 195 келі бекіре еті мен 1 келі қара уылдырық табылды. Браконьерлік жасаған күдікті басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

 

«Бекіре» операциясының күзгі кезеңі басталған (10 қыркүйек) уақыттан бері екі апта ішінде заңсыз айналымнан бір жарым тонна балық тәркіленіп алынды. Соның ішінде, бекіре тұқымдастар – 5 центнер. Балық аулау ережесін бұзғаны үшін 36 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

***

 

Қыркүйектің 20-да кешкісін сағат 20-да Тайманов көшесінен есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері Атырау қаласының 24 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Лада Приора» көлігін тоқтатты. Көлік салонынан марихуана салынған 21 сіріңке қорабы анықталған. Мирас ықшамауданындағы күдіктінің үйіне тінту жүргізу кезінде тағы 944 грамма марихуана табылған. Есірткі саудасымен айналысатын күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

***

 

Қыркүйектің 18-де кешкі сағат тоғызда қала сауналарының бірінде ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері сауна клиенттері үшін жеңіл жүрісті қыздарды жеткізіп отырған деп күдіктелген күзетшіні ұстады. Жауап алынғаннан кейін ол басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

 

Қыркүйектің 19-да күндіз полицейлер Көкарна саяжай массивінен 27 жастағы ер адамды ұстады. Оның шалбарының қалтасынан марихуана толтырылған сіріңке қорабы табылды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

***

 

Екі әйел үстіміздегі жылдың 1 сәуірінде бір алаяқтың құрбанына айналғаны туралы полицияға шағымданды. Авангардтың 30 жастағы тұрғыны сенгіш әйелдерге жоғары табысты жұмыс тауып беремін деп уәде беріп, олардан 366 мың теңгеден алып, ғайып болған. Күдіктіге іздеу жарияланды.

***

 

Қыркүйектің 22-де ертемен Құлсары қаласында Атамбаев көшесінің бойындағы №23 «а» үйдің жанында тұрған «Тойота-Камри» көлігі өртеніп кетті. Тергеу жүргізілуде.

***

 

Қыркүйектің 22-де күндіз Индербор поселкесінде «Ақсай» мейманханасының ауласында орналасқан құс қора өртеніп кетті. 80 тауық, 5 күркетауық және 80 балапан жанып кеткен. Өрт сөндірушілер құс қораға жалғанған орынжайға ұласқан өртті ауыздықтады. Өрттің шығу себебі анықталуда.

***

 

Индер ауданының Ынтымақ селосында 18 қыркүйекте төрт отбасына тиесілі шаруашылық орынжайлар (қоралар, қашалар) мен жеті мая шөп өртеніп кетті. Өрт себебі анықталуда.

***

 

Полицияның желілік бөлімінің қызметкерлері Мақат стансасынан Атырау қаласындағы «Технодом» дүкенінің қоймасына әкеліне жатқан жабық вагонның есігін бұзып, 27 теледидар мен басқа да тұрмыстық техниканы ұрлаған ұрыларды ұстады. Тергеу жүргізілуде.

25 қыркүйек 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.