Атырау, 29 наурыз 19:25
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Дресс-код бойынша сап түзе!

2 139 просмотра

Мен ірі кәсіпорында жұмыс істеймін. Басшылық қызметкерлерден дресс-код сақтауды талап етеді. Яғни, ер адамдар футболка мен джинсы шалбардың орнына классикалық шалбар мен жейде, ал әйелдер – кеңсе киімін киюі керек. Цех жұмысшылары өздеріне берілетін арнайы киіммен жүруге тиіс. Мұндай талаптар әдетте қандай құжатта жазылған?

Телефон арқылы

Сұраққа  Атырау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясының басқармасы басшысының орынбасары Әліпқали ДӘУЛЕТИЯРОВ жауап берді:

– Сыртқы түрі мен киіміне қатысты қызметкерлердің міндеттері еңбек келісімшартында немесе ішкі еңбек тәртібінде айтылуы тиіс. Еңбек келісімшартына қол қойған кезде қызметкер өзіне жүктелген міндеттемелерді сақтауға міндетті. Егер компания қызметкерлерінің сыртқы түрі ережеде айтылған болса, онда жұмыс беруші қызметкерлерді құжатпен таныстыруы тиіс. Ал қызметкерлер танысқан соң өздеріне бұл ереженің мәлім болғаны туралы қол қоюы тиіс. Сол кезде олар бұл ережені сақтауға міндетті.

Арнайы киімге келер болсақ, оны киіп жүру қандай да болмасын арнайы құжатта айтылмайды. Өйткені еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен ереже бар. Бұл ережеде арнайы киімнің пішіні мен түрі, оны жаңарту мерзімі айтылады және барша үшін міндетті сипатта болады. Егер қызметкер арнайы киім киюден бас тартса, онда бұл еңбек тәртібін бұзу деп есептеледі.

25 қыркүйек 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.