Атырау, 23 сәуір 21:53
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Аудан жаңалықтары

1 518 просмотра

Қалыс қалған салалар

Индер ауданындағы 4,5 мың халқы бар Есбол ауылында не мәдениет үйі, не дене шынықтыру-сауықтыру кешені жоқ.

Бұрынғы мәдениет үйі былтыр балабақшаға айналған болатын. Баспанасыз қалған мәдениет қызметкерлері шараларды мектептің акт залында өткізуге мәжбүр. Бұдан екі жыл бұрын басталған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы тоқтап тұр. Бұған себеп – оның орналасқан жерінің қолайсыздығы, ауылдан жырақтау орналасқан. 

- Бұл ауылдан300 орындық мәдениет үйінің сметалық құжа-ты дайын, - дейді Индер ауданы сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің бастығы Бауыржан ИМАНҒАЗИЕВ. Мәдениет үйінің құрылысы демеу-шілікпен салынбақ, сол себепті қашан басталатыны әзірге бізге белгісіз. Ал дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің сметалық құжаты әлі жасалып жатыр.

***

 

Тағы бір жылыжай

Бұл Индердегі алтыншы жылыжай.

Жергілікті кәсіпкерГүлнәр ШАКИМОВА «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Атыраудағы филиалынан несие алып, жалпы аумағы 3 гектар жерді алып жатқан жылыжайда қызаң мен қияр өсірмек. Жылыжай құрылысын шымкенттік «ЗероМакс» ЖШС оңтүстік кореялық әдіспен жүргізуде.

***

 

Ауылдағы бақ

Исатай ауданындағы Зинеден, Исатай ауылдарында шағын саябақтар ашылды.

Бұған бюджеттен әрқайсысына 1,5 млн теңгеден қаржы бөлінген болатын.  

***

 

Құрылыста - жаңа мектеп

Жуырда Индер ауданы Құрылыс ауылындағы апатты жағдайда тұрған М. Мөңкеұлы мектебінің құрылысы басталды.

100 орындық мектеп құрылысына 251 млн теңге жұмсалмақшы. Қаржылай демеуші - КТК компаниясы. Құрылысты «Жер-Ана» ЖШС жүргізуде.

***

 

Жұмыс тапты

Жуырда Жылыой ауданының 300-ге жуық тұрғыны жұмыспен қамтылды. Олар «Сичим», «Isker», «Тисарион» ЖШС-теріне жұмысқа орналасқан. 

Жылыой аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдар-ламалар бөлімінің мәліметінше,ауданда 1 035 жұмыссыз есепте тұрса, бүгінде соның 836-сы тұрақты жұмыс тапқан.

***

 

Қалдықтар өңделеді

Мақат кентінде қоқыс өңдейтін цех өз жұмысын бастады.

Қатты қалдықтар мен баклашкалар енді арнайы аппараттармен престеліп, құтылар буылып түйілетін болады. Цехты жергілікті кәсіпкер Сұлтанғали АМАНИЯЗОВ ашты.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

25 қыркүйек 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.