Атырау, 24 сәуір 00:17
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Қазақстандық әйелдер құрамасы стенд атудан ел қоржынына үшінші «алтынды» салды

1 664 просмотра

Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында трап жаттығуында әйелдер арасында стенд атудан командалық сайыс өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстан құрамасы бірінші орын алып, ел қоржынына үшінші «алтынды» салды. Бұл бәсекеде жерлестеріміз Анастасия Давыдова, Мария Дмитриенко және Оксана Середа қарсыластарынан оқ бойы озып шығып, үздік нәтиже көрсетті. 

Екінші орын алған қытайлықтар күміс жүлде иеленді, ал Солтүстік Корея командасы қола медальды қанжығаларына байлады. 

Дереккөз: Қазақтан жаңалықтары АА.

23 қыркүйек 2014, 15:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.