Атырау, 19 сәуір 15:07
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Алматы облысында әскери бөлімшеден қарулы сарбаз қашып кетті

2 218 просмотра

Алматы облысында 2177 әскери бөлімшесінің қатардағы жауынгеріне іздеу жарияланды. Кезекті кезекшілігін тастап, қашып кеткен сарбаз қарулы, деп хабарлайды 31-арна.

Ал, аталған әскери бөлімге қарайтын көлік бекетінің демалыс бөлмесінде сол күні кезекшілікке түскен Рүстем Шантаевты қызметтестері ес-түссіз жатқан жерінен тауып алған. Бұл екі жағдайдың бір-бірімен қаншалықты байланысы бары әзірге белгісіз.

Жарақаты ауыр Рүстем Шантаев ҚР ҰҚК шекара қызметіне қарайтын Бірінші авиациялық базасының шаруашылық взводы қоймасының бастығы болып жұмыс істейді екен. Қызметтестері басы жарылған, қалтасында қаруы жоқ азаматты 2177 әскери бөлімшесіне қарайтын көлік бекетінің демалыс бөлмесінен тауып алған көрінеді. Ес-түссіз жатқан азамат осы түнде бекетке кезекшілік жасаған. Қазір жарақаты ауыр жауынгердің өмірімен Алматыдағы орталық әскери госпиталінің дәрігерлері күресіп жатыр.

Жағдайы өте ауыр дейді дәрігерлер. 38 жастағы Рүстем Шантаевқа дәрігерлер ашық бас-ми жарақаты, бас сүйегі сынған, гематома диагнозын қойып отыр.

Боралдай кентіндегі 2177 әскери бөлімшесінің маңында жүрген жұрт оқыс оқиғаның осы көлік бекетінде болғанын айтады. Бірақ тілшілермен бекет қызметкерлері тілдеспеді. Сондай-ақ, бүгін таңғы жетіде дәл осы әскери бөлімнің қатардағы жауынгері Серік Дәуленбайдың қашып кеткені белгілі болды. 1993 жылы туған ОҚО тумасы Серік Мұсақұлұлын соңғы рет таңғы сағат 7.40-та Боралдай кентіне жақын маңдағы Дархан ықшамауданынан әлдекімдер көріп қалған.

«Жоғалған сарбазға іздеу жарияланды. Жедел іздеу іс-шаралары жүргізілуде», - деп қысқа ғана қайырды ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз хатшысы Оксана Парпура.

Бізге белгілі ақпарат бойынша, бүгін таңғы сағат жетіде болған жағдай - 2177 әскери бөлімшесіне қарайтын мына көлік бекетінде болған. Бірақ жәбірленушінің де, қызметін тастай қашқан әскердің әріптестері бұл жағдайға қатысты нақты ақпар айтпай отыр. Қазірге дейін қызметін тастай қашқан қарулы жауы

Дереккөз: bnews.kz

 

19 қыркүйек 2014, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.