Атырау, 29 наурыз 20:52
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Шотландия Ұлыбритания құрамында қала беруі мүмкін

2 039 просмотра

Шотландия Ұлыбританияның құрамында қалғысы келеді, өткізілген референдумдағы Exit Pool-дың алғашқы мәліметтері осыны көрсетіп отыр, - деп хабарлайды РИА Новости

Шотландия тұрғындары "Шотландия тәуелсіз ел болуы керек деген пікірмен келісесіз бе?" деген сауалға жауап берді. Дауыс беру учаскелері жергілікті уақыт 07.00-де ашылып, 22.00-ге дейін жұмыс істеді. Агенттіктің мәліметінше, соңғы тәуелсіз сауалнама нәтижесіне қарағанда, Ұлыбританияның тұтастығын қолдайтындар жеңіске жетуі мүмкін. Ұлыбританияның қазіргі шекарасының тұтастығын сақтауды респонденттердің 53 пайызы қолдап, 47 пайызы оған қарсы болып отыр.

Еске сала кетейік, Шотландияның Ұлыбританиядан бөліну мүмкіндігі туралы мәселе көптен талқыланып келеді. Дегенмен Ұлыбритания үкіметі шотландиялықтардың аймақты Біріккен Корольдіктен бөліп шығаруға дауыс беретініне және егер 18 қыркүйектегі референдумның нәтижесі көңілдерінен шықпаса, шұғыл жоспар дайындайтынына сенбейді. 

Егер 18 қыркүйек күнгі референдумда Шотландия тұрғындарының басым көпшілігі қойылған сұраққа "иә" деп жауап берген болса, онда 2016 жылдың 24 наурызында Шотландия Біріккен Корольдік құрамынан бөлінеді. Ұлыбритания билігі Шотландияның тәуелсіздік алуы тараптардың ешқайсысына пайда әкелмейтінін айтады. Бұған дейін Елизавета ІІ осы мәселеге арналған референдумға қатысты ойын білдірген еді. Патшайым "адамдар дауыс берместен бұрын мұқият ойланады" деген үміт білдірді. 

Дереккөз: tengrinews.kz

 

19 қыркүйек 2014, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.