Атырау, 29 наурыз 18:11
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Үздік аула мен кіреберіс» байқауы

3 471 просмотра

Қалалық әкімдік Атыраудың «Үздік ауласы», «Үздік кіреберіс», «Таза аула» байқауларын жариялады. Сайыстарға көп қатарлы үйлердің пәтер иелері кооперативтері де, жеке үйлер иелері де қатыса алады.

Бұл Атырау әкімдігі, қалалық ішкі істер басқармасы және қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының бірігіп ұйымдастырған алғашқы байқауы. Үміткерлер өз аулаларын немесе  кіреберістерін қалай аббаттандырғаны туралы шағын әңгіме және оған кемінде 10 фотосуреттер қосып, ұсынулары керек. Өтінімдерді қалалық әкімдікке 1 қазанға дейін жіберу қажет.

Естеріңізге салсақ, 2011 жылы облыстық табиғатты пайдалану және табиғи ресурстар басқармасы Атырау тұрғындары арасында ең жасыл аула байқауын өткізген. 2012 жылы мектептер мен балабақшалардың арасында өтті. Енді қала үздік ауланы таңдайды. Байқау нәтижелері 4 қазанда Атырау қаласы күнін тойлау мерекесінде жарияланады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

18 қыркүйек 2014, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.