Атырау, 19 сәуір 18:03
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«Қазақ қызы» мәдени-инабаттылық қыздар институты ашылды

2 308 просмотра

Бүгін Астанада Қазақстандағы алғашқы «Қазақ қызы» мәдени-инабаттылық қыздар институты ашылды.

«Қазақ қызы» ҚБ президенті, институт жобасының авторы Қарақат Абденнің айтуынша, оқу-тәрбиелік институттың мақсаты -қыздарды озық үлгідегі қазақи және еуропалық қоғамдық-инабаттық дәстүрде тәрбиелеуге бағытталған қызметті жүзеге асырады.

«Бұл өте қажетті оқу орны. Осы игілікті бастама қоғамымызға пайдасын келтіреді. Бұл институттан тәлім алып шыққан қыздар өздерінің инабаттылығымен көзге түсетініне сенімдімін»,-деді мәдени-инабаттылық қыздар институтының ашылуы рәсімінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова.

Мәдени-инабаттылық қыздар институтының оқу-тәрбие бағдарламасына оқу материалдарын ұйымдастырудың модульдік қағидаты негіз болып отыр. Модульдер міндетті және қосымша сабақ болып бөлінеді. Бағдарлама барлығы 12 модульден және 45 пәннен тұрады. 1 тоқсанда 5-8 модуль бойынша сабақ өтеді.

Әр жастағы топ (8-9, 10-12, 13-15, 16-17 жас) белгілі бір модульдік  бағытта сабақ оқиды. Сабақ аптасына 3 рет өтеді.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, аптасына бір рет барлық жастағы топтарға арналып танымал қайраткерлердің қатысуымен дәріс сабағы, шығармашылық кездесу, қайырымдылық шара, тақырыптық кеш секілді ортақ сабақтар ұйымдастырылады. Әр айдың соңында кешенді шығармашылық емтихан тапсырылады, сондай-ақ толық циклдің соңында қыздарға сертификат беріледі. 1 тоқсанда 300-ге дейін қыз бала оқиды.

Дереккөз: ҚазАқпарат 

18 қыркүйек 2014, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.