Атырау, 29 наурыз 02:26
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Жиі тексеріп тұрса игі…

1 400 просмотра

Облыстық прокуратура 2013-2014 жылдардағы мектепке дейінгі мекемелер қызметінен бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.

Атап айтқанда, облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарламасында 13 балабақшадағы 71 тәрбиешінің арнайы білімі жоқтығы айтылған. Асхана құралдарына бактериологиялық талдау жасағанда бес балабақшадан ішек таяқшасы анықталған. Мекемелер қызметі уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар, 35 балабақша мен 12 шағын балалар орталығындағы санитарлық ережелердің бұзылғандығы анықталды.

Сонымен қатар, 10 балабақша мен 8 шағын балалар орталығында өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылғандығы анықталған.

Тексеру қорытындылары бойынша 26 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 100 тұлғаға айыппұл салынды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

18 қыркүйек 2014, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.