Атырау, 25 сәуір 19:46
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Шотландияда тәуелсіздікке арналған референдум басталды

1 513 просмотра

Фото: telegraph.co.ukФото: telegraph.co.ukАСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Шотландияда аймақтың тәуелсіздігі мәселесіне арналған тарихи референдумы басталды. Дауыс беру учаскелері жергілікті уақытпен 7:00 сағатта ашылды. Бұл туралы РИА «Новостиға» сілтемемен egemen.kz хабарлады.

Дауыс беру бюллетеніне «Сіз Шотландияның тәуелсіз ел болуына келісесіз бе?» деген жалғыз ғана сауал жазылған. Дауыс беру құқығы Британия азаматы, Британия Достастығындағы 52 елдің азаматы, Еуропа одағы 27 елінің азаматы және лордтар палатасаның мүшесі, Ұлыбритания және шет елдерде жүрген, бірақ Шотландияның сайлау учаскелерінде тіркелген әскери қызметкер болып табылатын Шотландия резиденттеріне берілген.

Ал дауыс берушілердің жастарының төменгі мөлшері 18-ден 16-ға түсірілген. Сонда тіркелген сайлаушылардың жалпы саны қазір 4 млн. 285 мың адам болып отыр. Тағы 789 мыңнан астам адам поштамен дауыс беру үшін тіркеліп қойылыпты.

Егер референдум қорытындысында жоғарыдағы сұраққа Шотландия тұрғындарының басым бөлігі «Иә» деп жауап берсе, онда бұл олардың тәуелсіздікті қолдағандары болып табылады да, аймақ 2016 жылдың 24 наурызынан Біріккен Корольдік құрамынан шығады.

Осы күнге дейін аймақта жүргізіліп келген сауалнама көпшіліктің қай жаққа қарай бұратындарын нақты көрсетіп бере алмай тұр. Себебі, Шотландияның тәуелсіз ел болуын қалайтын да, қаламайтын да шотландиялықтар саны бір-бірімен шамалас. Не болғанда да, енді оның біржақты жауабы бүгін түнге қарай белгілі болады.

Дереккөз: inform.kz

18 қыркүйек 2014, 13:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.