Атырау, 24 сәуір 04:45
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Борышкерлер қарыздарын өтей бастады

2 713 просмотра

Облыстық әкімдікте қаржылық жағдайлары банкроттыққа жақын кәсіпорындардың тағдыры талқыланды. 1-шілдедегі есеп бойынша облыста бюджетке салынатын салық жөнінен 8 млрд теңгеден астам қарызы бар 439 кәсіпорын анықталып отыр.

- Қазір үш кәсіпорында оңалту процедурасы жүргізілуде. Алайда, бұл жеткіліксіз. Қаржылық жағдайлары қиындаған кәсіпорындарға көмек көрсетуді қарастыратын индустриальды-инновациялық дамуды жеделдету бағдарламасы бар. Осы мақсаттар үшін республика масштабында 40 млрд. теңге бөлінді,- деп хабарлады облыс әкімінің бірінші орынбасары Болат ДӘУКЕНОВ.

ҚР Қаржы министрлігі шамасы жоқ борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінің аймақаралық департаменті филиалының бастығы Бота ҚҰЛАТАЕВАНЫҢайтуынша, борышкерлермен жүргізілген жұмыс нәтижесінде 33 кәсіпорын бюджет алдындағы қарыздарының  200 млн теңгесін жапты, оның ішінде 19 кәсіпорын өз қарыздарын толығымен жойды, 14-і ішінара өтеді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаментінің директоры Тимур ЕСТЕБАЕВТЫҢайтуынша, бірінші жартыжылдықта 21 кәсіпорынның жалпы сомасы 310 млн. теңге еңбекақы бойынша қарыздары бар екендігі анықталды. Бүгінгі күні қарызкөлемі 212 млн. теңгеге төмендеді.

Жекелеп айтар болсақ, «AB-Group» құрылыс компаниясында ұжым алдындағы қарыз 110 млн. теңгені құрады. Жұмыс берушіні бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартты. Нәтижесінде қарыздар 38 млн теңгеге дейін қысқарды.

«Атыраумұнайгазгеология-Бурение» компаниясындағы еңбекақы бойынша бережақ 54 млн. теңгені құрайды және олар бүгінгі күні мүліктерін сату есебімен өтеліп отыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

28 шілде 2011, 00:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.