Атырау, 25 сәуір 14:51
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Оқиғалар тізбегі

2 578 просмотра

Баймұханов көшесінің бойындағы алаңы 900 шаршы метр болатын «Теміржолжылу» ЖШС-нің бір қабатты кеңсесінің шатыры 12 қыркүйекте сағат 14-те отқа оранды. Өртті сөндіруге 7 өрт сөндіру машинасы қатысты. 2 сағаттан кейін өрт ауыздықталды. Брандмейстерлер көршілес 2 қабатты кеңсені өрттен қорғап қалды. Өрттің шығу себебі тергелуде.

***

 

Қыркүйектің 14-іне қараған түні Азаттық даңғылының бойында Авангард тұрғынын ұрып-соғып кеткен. Бірлік поселкесінің 24 жастағы тұрғыны ұсталды. Тергеу жүргізілуде.

***

 

Қыркүйектің 14-іне қараған түні 40 жастағы Шымкент тұрғыны уақытша тұрып жатқан Азаттық даңғылы бойындағы жалдамалы пәтерден 52 мың теңге жоғалып кеткен. Зардап шегушінің досы, 40 жастағы Жұмыскер ауылының тұрғыны күдіктеліп отыр. Тергеу жүргізілуде.

***

 

Атырау қаласының полициясы «Барсетка» атты алдын алу шарасын өткізуде. Рейд барысында 14 қыркүйекте Исатай ауданының 29 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол №4 автобуста Геолог поселкесі тұрғынының сөмкесінен әмиян ұрлап алды деп күдіктелуде. Тексеру жүргізілуде.

***

 

Жеке кәсіпкер, Бірлік поселкесінің тұрғыны ағымдағы жылдың басында 24 жастағы бизнес серігінің өзінен 235 мың теңгеге тауар алып, ақшасын қайтармағанына шағымданды. Тексеру жүргізілуде.

***

 

Жылыой АІІБ-не Құлсары қаласында уақытша тұратын Түркістан қаласының тұрғыны шағымданды. 32 жастағы жергілікті тұрғын оны жұмысқа орналастыруға уәде беріп, 265 мың теңгесін алып, ғайып болған. Іздеу жарияланды.

***

 

Өркен ықшамауданында тұратын 26 жастағы әйел полицияға хабарласты. Ол 11 қыркүйекте интернет арқылы 34 жастағы ер адаммен хат алмасады. Жігіт оған Тараз қаласынан эксклюзивті қосалқы бөлшектер жіберемін деп, банк арқылы 120 мың теңге салуды ұсынады. Ақша аударылғанмен, қосалқы бөлшектер уақытында келмеді. Тексеру жүріп жатыр. 

***

 

Облыста «Бекiре» опера-циясының күзгі кезеңі басталды. 11 қыркүйекте сағат 19 шамасында Абай көшесінде ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері  «Мицубиси Паджеро» джип автокөлігін тоқтатты. Көлікті СМП-136 ауданының 33 жастағы тұрғыны жүргізген. Машина салонынан жалпы салмағы 2 келі болатын 3 пластмасса және 2 қаңылтыр банкіге салынған уылдырық, жалпы салмағы 18 келі болатын 8 дорбаға салынған бекіре тұқымдас балық табылды. Тексеру жүріп жатыр.

18 қыркүйек 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.