Атырау, 20 сәуір 11:03
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Кешіріңіздер, сараптамалық қорытынды қажет екен»

1 750 просмотра

Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінде басталған мүлікті жариялау ережелерінде өзгерістер болды. Енді жылжымайтын мүліктің кез келген түріне аттестацияланған сарапшының қорытындысы керек.

«АЖ»-ның 4 қыркүйек күнгі «Миллионыңыз болмаса, шоланыңызды заңдастырыңыз» деген мақаласында қалалық әкімдіктегі комиссия төрағасының орынбасары, қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі Серік НЫСАНБАЕВ қолданыстағы Заңға сілтеме жасай отырып, жеке үйлер мен шаруашылық құрылыстарын (гараждар, қосалқы үйлер, шоландар және т.б., яғни, жеке аулада салынған орынжайлар) жариялауда сараптамалық қорытынды керек емес деген болатын.

- Жарияланымды даярлау сәтінде біз үкіметтің 2014 жылғы 29 тамыздағы №959 қаулысымен бекітілген Мүлікті жария ету қағидалары туралы білген жоқпыз. Осы Қағиданың 7-тармағына сәйкес, Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған жылжымайтын мүлiктi жария ететiн жария ету субъектілері комиссияға жеке төлқұжаты түпнұсқасы мен жылжымайтын мүлік нысанының техникалық төлқұжатымен қатар ғимараттар мен құрылыстарды нысанның құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан техникалық тексеруді, сондай-ақ, жариялау субъектісіне жеке меншік құқығымен тиесілі жер телімінің мақсаттық тағайындалымын растауды жүзеге асыратын сарапшының қорытындысын ұсынады. Естеріңізге салсақ, бұрынғы Ереже бойынша бұл құжат талап етілмеген еді, - деді Нысанбаев.

Осылайша, ҚР аумағында жария етілген нысандарды  мемлекеттік органдарда тіркеуге келесілер негіздеме болады:

1. мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссияның шешімі;

2. сарапшының оң қорытындысы.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

18 қыркүйек 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.