Атырау, 25 сәуір 21:34
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Жәрмеңке жарылқады

2 329 просмотра

Әр аптаның сенбісінде Құлсары қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Мұнда баға әлдеқайда қолжетімді, сондықтан сұраныс та үлкен. 

Картоп, жуа, сәбіз, қырыққабат, қызанақ, т.б. ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы нарықтағыдан 20-30 теңгеге төмен. Бірнеше шаруа қожалығы қой, бағлан, ешкілерді көлікпен әкеліп сатады. Одан бөлек, жәрмеңкеден құс, жаңа ауланған балықтарды да сатып алуға болады.

- Мұнда қатып қалған баға жоқ. Бастысы - саудаласа білу. Бұл күнде көп адам өз керектісін табады, -дейді Оралхан есімді жігіт.

- Біз бұрын жәрмеңкені 1-ші ықшам ауданда өткізетінбіз, -дейдіЖылыой аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұртас ҚУАТБАЕВ.Кейін ол жер жәрмеңкеге таршылық еткен соң, қаланың сырт жағына шығардық.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

18 қыркүйек 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.